Айлар бойы “Ата-заң” деп аптыққан халықтың қалауы болатын болды. Ата-заңымыздағы 26 бап өзгермейтін болды, – деп хабарлайды “Жерұйық” порталы Ақордаға сілтеме жасап.
“Билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын ескі редакцияда қалдыруды ұсынды” делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Сонымен, қалың қазақтың қалауы орындалатын болды.
Бұрынғы және қолданыста қалған редакцияда
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Констиуциясының 26-бабының 1 және 2-тармақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
1. «Әркім заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Конституцияда өзгеше көзделмесе заңды түрде алған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе айыратын заңдар мен өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді».
Елбасының Ата-заңның 26 бабын бастапқы редакциясында қалдыруы – халық пікірімен санасқаны.