Ыстанбұлдағы теракт 36 адамның өмірін жұлып кетті

Маусымның 28-і, сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-де Ыстанбұлдағы «Ататүрік» аэропортының халықаралық терминалында күшті жарылыстар орын алып, 36 адамның өмірін жұлып кетті, тағы 147 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаларға жатқызылды. Бұл туралы ras.kz ақпарына сүйе отырып zheruiyq.kz  хабарлады.

29-06-16-terakt-2

© ras.kz

Жарылыстар терминалдың кіре берісінде, шығатын жерінде және көлік қойылатын бөлігінде жасалды. Қаза тапқандар мен жарақат алып қалғандардың дені шетел азаматтары болып шықты.

Көргендер үшті жанкештінің бомбаларды жарудың алдында жұртқа мылтық кезегенін айтады. Олар әуежайдың алдында автоматтан бей-берекет оқ жаудырған.

«Біз… бір кісінің көзіне түскенді атып жатқанын көріп қалдық. Ол ішке қарай кіріп келе жатқан адамның бәріне оқ жаудырып тұрды. Қап-қара киім киген оның бетінде перде  жоқ», – деді осында болған туристердің бірі. Келесі куә жүз елуге жуық оқ атылғанын жеткізген. Ал аэропорт қызметкерінің айтуынша, жұрттың көбі жарылыстан емес, сынып түскен әйнектерден зардап шеккен көрінеді.

Осы жарылыс жасалған бойда оның артында кімдердің тұрғандары туралы біраз болжамдар айтылды. Соның ішінде «Ислам мемлекеті» радикалды тобырының лаңкестері мен Күрдістан Жұмысшы партиясының содырлары көбірек аталды. Бірақ бұлардың соңғыларының өкілдері бірқатар уақыттан кейін өздерінің бейбіт тұрғындар арасында жарылыс жасамайтындарын мәлімдеді. Күрдтер бұл зардап шеккендердің тіпті Түркия азаматтары да болып табылмайтындарын, сондықтан олардың түрік басқыншылығына ешбір қатыстары жоқ екенін алға тартты.

Қайғылы оқиға орнына келген Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымның айтуына қарағанда, алдын ала тексерістер бұл шабуылдың артында «Ислам мемлекеті» терроршыларының тұрғанын көресетеді.

Жарылыстан кейін Ыстанбұлда мемлекеттік деңгейдегі де, жүк тасымалы деңгейіндегі де рейстердің бәрі тоқтатылды. Ал бері қарай ұшып шыққан ұшақтар Анкара, Бурса, Измир, Коджаели, Чорум қалаларынің аэропорттары мен Ыстанбұлдың «Сабиха Гёкчен» әуежайына қарай жіберіліп жатыр.

Түрік лидері Реджеп Тайип Ердоған «шабуылдың Рамазан айы кезінде жасалуы лаңкестер үшін қасиетті ештеңенің жоқ екенін білдіреді» дегенді айтты. АҚШ-тың бас прокуроры Лоретта Линч Вашингтонның болған жағдайға байланысты Анкараға көмектесетінін жеткізді.


Тағы оқыңыз:

Pin It

One thought on “Ыстанбұлдағы теракт 36 адамның өмірін жұлып кетті

  1. Шәкім. 06/29/2016 at 21:50 - Reply

    Әлемде теракттің көбеюі көбінде мемлекет басында моралі төмен,арам пиғылды адамдардың отырғанына байланысты… Себебі: Халықты қорқытып ұстау үшін,және өздеріне қарсы шығатын ,яғни әділетті талап ететін батыл топтарға жала жабу үшін,оларда теракт жане басқа да арам пиғылды әрекеттер жасауға мүмкіндігі мол…Қазақстанда да сол сияқты “теракт” – тер кейінгі 10 жылдықта көбейіп кетті…

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *