Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды, деп хабарлайды zheruiyq.kz тілшісі Газета.Ru ақпаратына сүйеніп.
Журналистердің сауалына ол: смартфонымен бірге күллі бос уақытын өткізетіндігін, онымен бірге ұйықтап, ояна сала, оның бетіне қарап, тексеретінін қаймықпай айтты. Неке қию салтанаты Лас-Вегастағы шағын шіркеуде өткен.
Ер азамат iPhone тысына сақинаны қыстырып, уақыты келгенде салтанатты түрде сақинаны салған. Шіркеудің иесі бұндай жағдайлардың өте сирек кездесетінін айтады. Бұндай болашағы жоқ некенің түр-түрі шыға бастаған көрінеді (жануарлармен бас құрағандар да бар).
Бұл некенің ешқандай заңдық күші жоқ, алайда мұндай салтанаттарды ұйымдастыруға Лас-Вегас билігі тыйым сала алмайтыны тағы бар.
Ал, Сіз не ойлайсыз?