Ресейдің Ингушетия республикасының әкімшілігі қарапайым мейман – 10 жасар Ислам Гатиевті қабылдады. Бұл туралы РИА «Новости» порталы жариялаған болатын.
Бұған кішкентай ингуш баласының Владимир Путиннің «Тікелей эфир» хабарындағы хаоыққа арнаған сөзін естігеннен кейін оған өзі жинап жүрген 3 мың рубль ақшасын салып жібергені себеп болыпты.
Сол кезде мектеп оқушысы Ресей президентіне хат жазып жіберуге шешім қабылдайды. Ол хаттың ішіне өзі жинап жүрген ақшаны қоса салады.
«Ислам елдегі дағдарысты шешуге осылайша көмектескісі келген», – деп түсіндірді әкімшіліктегілер.
Оқушының президентке салып жіберген ақшасы мемлекет басшысының Ингушетиядағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде қайтарып берілген. Ислам сондай-ақ Путиннің өзі арнайы жіберген жеке қолтаңбасы қалдырылған портретті алған.
Бұлардан бөлек, балаға планшет пен велосипед сыйланыпты.