Кәсіби маман атану, оның ішінде өзі таңдаған саланың үздігі ретінде мойындалу – үлкен жетістік, шығармашылық табыс! Мұндай атақ-абырой өз кәсібін сүйген, таңдаған мамандық жолында табанды еңбек еткен адамға бұйырып жатса тіптен жарасымды.
Міне, біздің әріптесіміз Сайра Нүсіпбаева осындай жарасымды марапаттың иесі атынып отыр. Ол
журналистер мерекесіне орай салалық министрліктің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен награтталды. Ұзақ жылдан бері «Қазақстан-Семей» телеарнасында тапжылмай еңбек етіп келе жатқан ол соңғы бірнеше жылдан бері осы мекеме директорының орынбасары. Кәсібіне қанық, мамандығын мейілінше меңгерген Сайра Қажыоспанқызы төңірегіндегі жас журналистерге жетекші бола білуімен де өз ортасына бағалы. Телеарнаның жекелеген бағдарламалары мен ұжымдық жобаларға автор болып келе жатқан әріптесіміздің шығармашылық еңбегі – көрерменнің олжасы іспетті. Көрермен танымына, қоғамдық сананың дұрыс қалыптасуына мол үлес қосып келе жатқан телеарна шығарылымдарына Сайраның маман ретінде қосар үлесінің әліде арта түсеріне кәміл сенімдіміз.