Бейсенбі күні аудандық әкімшілік залында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғановпен онлайн жиналыс өтті. Жиналысқа Павлодар облысына қарасты қалалар мен аудан әкімдері, мекеме басшылары қатысты.
Жиын басырында облыстың елді-мекендеріне санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу, көріктендіруге қатысты шараларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Онлайн жиында сөз алған аудан әкімі О.Әліғазыұлы ауданда ағаш отырғызу жұмыстарының жүргізілетіндігін, сондай-ақ, Жаңажол – Екібастұз бағытындағы жолдарда су ағатын құбырлар тазартылғаны жайлы баяндады. Сөз кезегін алғанБаянауыл ауылдық округінің әкімі Қ.Тәліпов аудан бойынша 31 көше және Шонай ауылына санитарлы тазалау жұмыстары жүргізілетінін және қай көшеге қай мекеме жауапты екенін белгілеп, ауыл тұрғындарын да осы іске жұмылдыру қажет екенін айтты.
10-шы сәуірде тазалық айлығы және сенбіліктер өткізу туралы аудан әкімінің қаулысы бекітілді. Қаулы бойынша 15-ші сәуірден бастап 29-шы мамыр аралығында тазалық айлығы және сенбіліктер өткізу туралы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспар негізінде аудан бойынша барлық мекемелер мен кәсіпорындар саны – 95, айлықта және сенбілікке қатысушылардың саны – 7905 адамды құрады. Оның ішінде 30 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылады.
Жоспар бойынша 2000 түп жас көшеттер отырғызу жоспарланған (көбіне шырша, қайын, терек, қарағаш). Тазалық айлығы барысында 46 бірлік (5130 щаршы метр) ескерткіштер мен обелисктер және маңайындағы саябақтар мен саяжайлар қалыпқа келтіріледі. 8000-9000 тонна күл-қоқыс және тұрмыстық қалдықтар санитарлық аумақтардың сыртына шығарылады және ғимараттардың қаспеттерін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудан бойынша барлығы 42 техника қатысады. Атап айтсақ, әр ауылдық округтерде (2 бірлік трактор жүк тиегіші және тіркемесімен, 1 бірлік ГАЗ-53, 1 КАМАЗ автокөлігі, 1 дана фронтальды тиегіш).
Аудан жұртшылығы үй ауласындағы қоқыстарын шығару үшін «Серпіліс» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының техникалары халықтың сұранысы бойынша жұмыс атқаруға әзір. 3 тонналық бір тіркемесінің құны 3000 теңгені құрайды.
Жалпы, аудан бойынша 15-ші сәуір мен 28-ші мамыр аралығында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу үшін айлық жарияланады. Аудан көркін ажарландыру, келбетін аша түсу өз қолымызда!
Әлия ТАУКЕНОВА,
Баянауыл.