Сенбі, Ақпан 17, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Тағы бір ауылды су басты

Тағы бір ауылды су басты

Қостанай облысы Қарасу ауданында тағы бір елді мекеннің шетін су басты. Жамбыл ауылында 10 үй қора-жайымен су астында қалып, 37 адам құтқарылған. Оның 12-сі бала. Сондай-ақ, 25 ірі қара мен 50-ден астам ұсақ мал қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы кеше кешке 24-арна хабарлады.

Қарасу ауданында қазір үш ауылда апатпен күрес жүріп жатыр. Тасқынға қарсы құрылған жедел штаб қызметкерлері «аймақтағы жағдай тұрақтанды. Зардап шеккендерге тиісті жәрдем көрсетілді» деп мәлімдеп отыр. Олардың айтуынша, бүгін су деңгейі төмендеген.

Уәлихан Досанов, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

– Көктемгі тасқыннан туындаған төтенше жағдайға байланысты бізге Жамбыл облысынан қосымша күш келді. Құрамында 26 адам, 5 техника бар жедел жасақ қазіргі сәтте Қарасу ауданындағы Жамбыл ауылында жұмыс істеп жатыр.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation