Бердібек Сапарбаев ешбір қисынсыз ақпарат жариялағандарды заң алдына шақыру керектігін қатаң тапсырды.
«ҰҚК мен ІІД-не тапсырма беремін: әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттарды көзден таса қылмай, бақылап, елді дүрліктіретін ақпарат жарияланып жатса, оны дер кезінде басып отыру керек. Сын жазба демеймін, жазу керек, бірақ, сын дәйекті, заңды болуы тиіс қой. Егер заңды болмаса, онда заң алдында жауап беру керек. Заң алдында барлығы бірдей», — деді ол өзінің барлық орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысуымен өткен кеңесте.