
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің «Бәйшешек» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Арыстар – елдің ардағы» атты жыр мүшәйрасы жарияланды.
Мүшәйраның мақсаты:
                Алаш арыстарын ардақтау,оларды жастардың арасында кеңінен дәріптеу. Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және де өнер иелерін,олардың ішінде,өлең иелерінің өрісін кеңейтуге ықпал жасау.
Мүшәйраның шарты:
                1. Алашорда үкіметі туралы патриоттық өлең(Алаш арыстарына да арнауға болады);
                2. Еркін тақырыптағы өлең.
Байқау кезеңдері:
                – байқауға ұсыныс білдірген ақындардың өлең-жырларына іріктеу жүргізіледі;
                – Ақтық байқау 2017 жылдың 27 cәуір күні Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінде өткізіледі.
Байқау шарттары:
                – байқауға тек университет студенттері ғана қатыса алады;
                – шығарма көлемі 10 шумақтан, орындау уақыты 5-6 минуттан аспауы керек;
                – талапкерлер өздері жазған және таңдап алған шығармаларды жатқа білулері қажет.
                Байқауға қатысуға ұсыныс білдірген ақындардың өлең-жырларын арнайы құрылған сараптама тобы қарап шығады, іріктеуден өткен үміткерлер ғана 27 сәуір күні өтетін ақтық байқауға қатыстырылады.
Байқауда қазылар алқасы үміткерлердің:
                – өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына;
                – ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне;
                – шығармаларды жатқа оқу шеберлігіне назар аударады.
Жүлделер:
                • I орын – 35000 теңге
                • ІІ орын – 25000 теңге
                • ІІІ орын – 15000 теңге
                • Ынталандыру сыйлықтары
Байқауға қатысушы үміткер туралы мәлімет:
                • аты-жөні
                • туған жылы
                • оқу орны
                • өлеңдері (электронды нұсқасы Times New Roman 14 қаріпте)
                23 сәуірге дейін төмендегі мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
E-mail: [email protected]
Байланыс телефондары: Тимур 8 707 217 00 97
                Есхат 8 747 160 69 87




