Негізгі > Руханият > Дәстүр

Мерғали ИБРАЕВ: Бір ініге базына

Бір ініге базына Мен сені шыныменен жек көрем бе?! Жек көрермін бес минут көп дегенде. Оның өзі – амалым таусылғанда, Оның өзі – шыдамым жетпегенде.   Құдай сүйер қылықжоқ кейде сенде, Естіп жатам сыртыңнан, көрмесем де. Тәрбиесіз дегенге дәтім бармас, Аға сенде, аяулы женге сенде.   Жер шұқылап осылай қаламыз ба?! Бір әзәзіл кірді ғой арамызға. Сыбап алсам тиеді-ау әкемізге, Сыбап алсам батады-ау анамызға! Баласы

Толық оқу...

Болат ЖҮНІСБЕКОВ:  АБАЙ сөзінің СӘУЛЕСІ-1

1. Өмір – өнер, әрі ойын Өнер, әрі ойын. Ләкин, ережесі бар және оны сақтау талап етілетін ойын. Ережесі бар. Алайда, кешегі Кеңестер дейтін құдайсыз қоғамнан шыққан кейбіреудің мұны түйсінуі қиын. Хакім Абай «Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық... Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ» - деп қапалы.

Толық оқу...

Ұлттық КОДТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА музыканың рөлі зор

«Әннің де естісі бар, есері бар» - деп Абай   баға берген қазақ музыкасын  қазіргі таңда  есер әнмен ессіз  күй басқанын сезінген сәтте жүрек жылайды. Иә, біз кез келген елдің музыка саласындағы тамаша туындысын түйсікпен түйсіне  құмарта құлақ тосамыз. Ондағы тылсам күш жүрек түкпіріне терең бойлап, саз сиқырына қалай арбалып қалғаныңды

Толық оқу...

ТЫНЫШТЫҚБЕК ТӘМСІЛДЕРІ

Ұлттық ойлау жүйеміздің дұрыс қалыптасуына жаңа леп, соны серпін сыйлаған Тыныштықбек Әбдікәкімұлының жазбалары сөз танитын қауымға қол соқтырып келеді. Басқа танымдардың шылауына шырмалып қалған түйсіктер басында «Тыныштықбек не жазып отыр?» деп үрке қараған. Олай болатын да жөні бар секілді. Туғаннан жат қолында өскен бала кейін өз ортасына оралғанда екі жақ

Толық оқу...

Ұлы сөзді ұмытпайықшы…

Осы еңбегімді  әкем   Қойшыбай Диханұлының рухына арнаймын!.. Адам қуанғанда немесе жабыққанда өзіне жақын жанды іздейді. Ал, мен үшін əкенің орыны тым бөлек. Аллаға мың шүкір, кеше қолыма Еуразия ұлттық университетінің магистрлік дипломын алып тұрып, əкемді сағына еске алдым... Менің жеткен жетістігімді көрсе ғой, шіркін, - деп ойладым. Бірақ, амал не?! Жатқан жерің

Толық оқу...

Көрісу дәстүрі

Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем

Толық оқу...

ЖҰМА КҮНІ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?!

Кеңестер Одағындағы елдер өздерінің үйренген бір күн мейрамдарын демалыс күні қылып отыр. Біздің Қазақстанның демалыс күні – жұма. Мұны біздің үкіметіміз тағайындап, бекітіп, мекемелерде, қара жұмыста, дүкендерде болатын қызметтің бəрін тоқтатып, қызмет адамдарын демалысқа босатып отыр. Қызметтегі адамдар жұманың алдында бейсенбі күні күндегісінше жарты сағат бұрын шығып, өз бастарының шаруасын

Толық оқу...

1 ақпан – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРАМАЛ КҮНІ

1-ақпан – халықаралық орамал күні. Бұл күні әлемнің көптеген қыз-келіншектері бір күн бойы орамал тағып жүріп, мұсылман әпке-сіңлілеріне қолдау көрсетеді. Бұл күнді атап өту идеясын Назма Кхан атты мұсылман қызы ұсынған. Ол Бангледеште дүниеге келіп, 11 жасында ата-анасымен Америкаға қоныс аударған екен. Назма мектепте орамал таққан жалғыз қыз болатын. Оны

Толық оқу...

Астанада Шоқыну мерекесінде шомылуға келген қазақтар саны өзге ұлттардан басым түскен

18 қаңтар күні әлем провославтары Шоқыну мейрамын атап өтеді. Түнгі сағат 12:00-ден бастап келесі күнгі түн ортасына дейін шомылу мерекесін астаналықтар да ерекше ықыласпен қарсы алды деп хабарлайды Nur.kz.   Наным бойынша, Шоқыну күні барлық су қоймаларындағы сулар қасиетті саналады. Өйткені, бұл Иса Пайғамбар Иордан өзенінде шомылған күн. Мұзды суда шомылу барлық

Толық оқу...

Жұма күні оқылуы тиіс ең таңдаулы дұға

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса аяғының астынан көктің ернеуіне дейін нұр шашылып, қиямен күні оны жарықтандырады, Алла оның екі жұма арасындағы күнәларын кешіреді» деген  (Әт-тарғиб уат-тарһиб). Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің әуелгі он аятын жаттаса, Дажжалдан

Толық оқу...