Негізгі > Ресей

Ресей журналисі рас айта ма?

Ресейлік «РБК» телеарнасының жүргізушісі, танымал журналист Игорь Виттель Қазақстан мен Ресейдің «достығы» туралы туралы пікір айтыпты. Ол былай дейді: – Біздің экономикамыз құрдымда. Қазақстан экономикасы да оңып тұрған жоқ. «Қазақстан мен Ресей бірігеді және бәрі жақсы болады» дегенде, мені ақымақ қылып тұрғанын іштей сеземін. Қазір біздің жалғыз одақтасымыз қалды. Ол – Қазақстан.

Толық оқу...

Иманғали Тасмағамбетов Ресейде жүрген қазақ жастарының сауалдарына жауап берді

РФ Сыртқы істер министрлігіне қарасты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елшіліктің басапсөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесудің ашылуында Елші Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жеткен жетістіктері туралы баяндады. Ол елімізде

Толық оқу...

“Союз” ғарыш кемесі межесіне сәтті жетті

Ресейлік және америкалық ғарышкерлерді алып ұшқан "Союз" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) сәтті түйісті деп хабарлады Азаттық радиосы Роскосмос мәліметіне сүйеніп. Кеме станцияға ресейлік ғарышкер Федор Юрчихин мен америкалық астронавт Джек Фишерді жеткізді. "Союз" он жылдан астам уақыттан бері бірінші рет екі ғарышкермен ұшырылып отыр. Әдетте бұл кемелер ғарышқа үш

Толық оқу...

Ресей жалға алған Ембі полигонын қайтарып бермек

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ембі полигонын Ресейге жалға беру туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. "Мемлекет басшысы "1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы

Толық оқу...

Ресейдің 8 аймағы толығымен су астында қалуы мүмкін

Орал федералды университетінің (УрФУ)  климат және қоршаған орта физикалық Лабороторияның ғалымдары РАН, Франция, Германия және Жапонияның ғалымдарымен бірлесе зерттей отырып, алдағы 50 жылда Ресейдің 8 аймағы түгелімен су астында қалады деп қорытындылаған. Бұл туралы Rosbalt агенттігі хабарлайды. Климатологтардың айтуынша,  қауіпті аймақтардың қатарында – Қиыр Солтүстіктегі аймақтар:  Архангельск пен Мурманск, Ямалдық-Ненецтік, Красноярск,

Толық оқу...

Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр

Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды zheruiyq.kz тілшісі. Қазақстандық үш телеарна ("Қазақстан", "Хабар" және KazSport)  тікелей эфирде көрсетіп жатқан бұл шара, "Алматы Аренада" салатанатты түрде өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты шара әлемнің 80 елінде көрсетіліп жатқан көрінеді. 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында басталған Универсиадаға 55 елден

Толық оқу...

Ресей экономикалық тығырықтан шығуға тырысып жатыр

Мәскеуде «Ресей және әлем: жаңа талғам» атты  Ресей экономикасы тұрақты дамуының тың жолдары және басқа да мәселелері төңірегінде өтіп жатқан «Гайдар форумы» мәресіне жетті. (CNFIN.COM\XINHUA08.COM) Аталған форум Ресей экономикасының дамуының тың жолдарын қарастыру мақсатында өткізілген. Үш күнге жалғасқан талқы-кеңес Ресей экономикасына серпін беру және басқа да сауда-эконлмикалық мәселелерді талқылауды мақсат етті. Ресей премьері Д. Медьведевтің

Толық оқу...

Дональд Трамп Ресейдің АҚШ саяси институттарының компьютерлік жүйелерін бұзғанын мойындады

Бұл туралы kaz.365info.kz хабарлады. Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп Ресейдің АҚШ саяси институттарының компьютерлік жүйелерін бұзғанын мойындап, бұл президент Владимир Путиннің жауапкершілігінде екенін мәлімдеді. Трамп 11 қаңтарда Манхэттендегі кеңсесінде баспасөз мәслихатын өткізді. Ол оның президент болып сайланғаннан кейінгі журналистер алдына бірінші рет шығуы. АҚШ-тың сайланған президенті компьютерлік жүйелердің бұзылғанын растап, бірақ оның дауыс

Толық оқу...

ТУ-154 апатынан қаза тапқандардың отбасына төлемақы беріледі

ТУ-154 апатынан қаза тапқан Александров атындағы ансамбль мүшелерінің отбасына бір миллион рубль көлемінде төлемақы беріледі, - деп хабарлайды РИА Новости. "Алдын ала мәлімет бойынша, барлық 64 адам сақтандырылған. Ертең олақайсыларының асырауда болғандары анықталады. Сондай-ақ, қаза тапқандардың отбасылармен кездесулер өтеді", - деді Әлеуметтік сақтандыру қорының баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, Ресейдің Қорғаныс министрлігінің әуе апатынан қаза

Толық оқу...

Елбасы Ресейде «Диаконт» акционерлік қоғамының қызметімен танысты

Қазақстан президенті Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бірқатар компанияларды аралап, Ресей президентімен жолықты.   Мемлекет басшысы Ресейге жұмыс сапары аясында «Диаконт» акционерлік қоғамының қызметімен танысты. Кәсіпорынның таныстырылымы алдында Қазақстан мен Ресей президенттері Ресейдің Қорғаныс министрлігі ұшағының апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей халқына тағы да көңіл айтты. «Диаконт» акционерлік қоғамы радиацияға төзімді трансфокатор объективтерін

Толық оқу...