Ұларбек Дәлейұлы. “Жоғалған пырақ туралы жыр”
Тәубесіз замандар түсірген әр ізге, Ұлтымның ұятын ұмытпай бәдіздеп... Үздіккен үміттер, Алқынған армандар – Күрең күн астынан күмілжи тіл қатты, Тіл қатты! Арқасы құрысқан Балбалдар! Бұғаулы бостандық, Шылаулы қастандық, (Айналып кете алмай қасыңда біз жүрдік...) Әкемнің кегімен, Анамның шерімен, Қош келдің жиырма бірінші жүз жылдық! Көк түрік жерінде, Сарыарқа төрінде, Есілге ентелеп еңсесін тіктеген, Қандыкөз ғасырлар түсінде күтпеген. Ғарыштық сәулелер өсінде қайралған сүңгісі, Ақордам үстінде қалқиды күн
Толық оқу...