06.09.2017
Білім гранттарын әділ бөлмей, талапкерлерді шулатқан шенеуніктердің жауапқа тартылуын депутаттар да талап етті. Өйткені, Білім министрлігі грант иелерін әлі қабылданбаған заң бойынша анықтаған дейді мәжілісмендер. Биыл ведомство екі түрлі бұйрық шығарып, жұрттың басын қатырған болатын. Сынақтың алғашқы қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иелеріне басымдық берілсе, кейін ҰБТ-дан жоғары балл жинағандар грантқа түсті. Енді халық қалаулылары талапкерлерді шатастырғандар шетінен жазалансын деп отыр.