Сәрсенбі, Қаңтар 10, 2018
Негізгі > Руханият > Сыйлаңыздар қарттарды!

Сыйлаңыздар қарттарды!

Сыйлаңыздар қарттарды!

Сәл еңкейіп бойларынан күш кеткен,
Көктемі өтіп, өміріне қыс жеткен.
Қартты көрсең қартайыпты демегін,
Көңіл бөлші, жан-дүниесі гүл көктем.

Әжімдері қырау болып тұратын,
Қариядан өмір сырын сұрағын.
Ол әжімдер- өмір жолы беттегі,
Жас жүрегі жасырынып тұратын.

Жүзі мұңды болғанымен жалын бар,
Қазына ғой, ақыл сұрап қалыңдар.
Қуат кетіп бара жатыр қартайып,
Уақыт барда көңілдерін табыңдар!

Қағыс естіп қалбақтайды демегін,
Қартың болса, сыйла алтынға теңегін.
Алма-кезек дүние ғой білсеңіз,
Қартаясың, келеді ертең кезегің.

Д.Ж.Маликова

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation