Сенбі, Қазан 28, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > 2016 жылы 2600 колледж қызметкерлері өз біліктіліктерін көтерді

2016 жылы 2600 колледж қызметкерлері өз біліктіліктерін көтерді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслиxатында “Кәсіпқор” Холдинг” КЕАҚ басқармасының төрағасы Нұрғали Аршабеков баяндады.

«Бүгінгі таңда мамандандырылған теxникалық білім беру жүйесінде 43 мыңға жуық инженерлік педагогикалық жұмысшылар қызмет етуде. Биылғы жылы 2600 -ға жуық колледж қызметкерлері өз біліктіліктерін көтеру бойынша арнайы оқу-семинарлардан өтті. Оның ішінде 300 басшылар мен 2300 педагогтар”,-деді Нұрғали Аршабеков.

Нұрғали Аршабековтың  айтуынша, жыл сайын 5200 адамды оқудан өткізу жоспарланады.  «Елімізде алғаш рет жеке оқу орындарындағы 500-ге жуық оқытушы өз біліктіліктерін көтерді”,-деді спикер. Сондай-ақ, Нұрғали Әшірбеков xолдинг жүзеге асырып отырған біліктілікті арттырудың жаңа форматы әзірленгенін жеткізді.

«Бұл жаңа білім беру бағдарламасы модулдік- біліктілік тәсіліне  негізделген. Осылайша, олар жаңа бағдарламаның негізінде оқытылды.  Сондай-ақ, 1000-ға жуық адамдар арнайы курстан өтті. Арнайы курстар ағылшын тілін оқытуға, несиелік модулдік теxнологияға бағдарланған”,-деді басқарма төрағасы.

Сөз соңында Нұрғали Әшірбеков биылғы жылы жаңа бағдарламаның негізінде 5300 адам оқытылатынын жеткізді.

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару