Қазақстандық актер Нұртас Адамбай бүкіл әлемді өзінің орасан зор күшімен дүр сілкіндірген “Ирма” дауылы болады деп күтіліп отырған қауіпті аймақта қалып қойды. Ол әлеуметтік желі арқылы Майамидегі жағдайды жария етті.
Нұртас Адамбай кеше Майамиде Алматыдан келген студент қыздарды көріп қалғанын жазды.
“Кеше Майамиде алматылық студент қыздарды көріп қалдым. Олар жетісі күні үйге қайтатындарын айтқан. Атын да сұрамаппын, бірақ қайтып кетті деп үміттенемін.
Ол жақта осыншалық күшті дауыл болатынын ойламаппыз. Түнде әуежайда астаналық студенттерді көрдім. Олардың рейсін сегізіне ауыстырыпты. Оларға жалға көлік алып, ол жақтан тезірек кетуге кеңес бердік“, – деген ол өзінің кептеліс болмай тұрып, ол жақтан кетіп қалғанына шүкірлік етті.