Бейсенбі, Тамыз 30, 2018
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > XX  ғасыр басында білім қуған қазақтар ТІЗІМІ

XX  ғасыр басында білім қуған қазақтар ТІЗІМІ

 

XX  ғасыр басында білім қуған қазақтар ТІЗІМІ

Ресейдің Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және т.б. қалаларында жоғары білім алып, қызмет жасаған қазақ оқығандары жайфнда деректер

        

         Тарихи анықтама:

Қазақ оқығандары

 

«ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Омбының классикалық ерлер гимназиясы, техникалық училищесі, малдәрігерлік-фельдшерлік мектебі тәрізді т.б. оқу орындарында қазақ халқының көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Айдархан Тұрлыбаев, Отыншы Әлжанов, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков, Ережеп Итбаев, Сейiлбек Жанайдаров, ағайынды Асылбек, Мұратбек және Мұсылманбек Сейiтовтер, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгеров, Дiнше Әдiлов, Смағұл Сәдуақасов, Ғаббас Тоғжанов, Жұмат Шанин, Әбiлқайыр Досов, Бiрмұхамед Айбасұлы, Әмiре Исин, Мұқан Әйтпенов, Көлбай Төгісов, Нығмет Нұрмақов сынды тағы басқадай ұлт зиялылары алғашқы білім дипломдарын алып шықты.

Осы екі ғасыр тоғысында көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбул, Варшава университеттерiн бітірді. Мысалы, Қазан қаласындағы Императорлық университетте, мал-дәрiгерлiк институты мен мұғалiмдер семинариясында 100-ге жуық қазақ жастары оқыды.

Алаш қозғалысының басшысы Әлихан Бөкейхан 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Императорлық орман институтының Экономика факультетін үздік дипломмен тәмамдап, ғалым-орманшы (ученый-лесовод) атанды.

Сондай-ақ Санкт-Петербург университетiнiң заң факультетiн Райымжан Мәрсеков, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев, Сәлімгерей Жантөрин, Мұстафа Шоқай, Айдархан Тұрлыбаев, Санкт-Петербургтегі әскери медицина академиясын Санжар Асфендияров, Томск университетiнiң медицина факультетiн Асылбек Сейiтов, Тарту университетiнiң заң факультетiн Жаһанша Досмұхамедов, Каирдегі әл-Каһира университетiнің заң факультетін Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Бомбей университетiн О. Тұрмағанбетов, Киев университетiнiң заң факультетiн Х. Нұржанов бiтiрдi. Ал Батыс-Сібір губернаторының ресми баспасөз органы саналатын «Дала уалаяты» газетінің редакторы Дiнмұхамед Сұлтанғазин алдымен Томск университетiнiң медицина факультетiн, одан кейін Санкт-Петербург университетiнiң шығыстану және заң факультеттерiн бiтiрді. 1908 жылы Санкт-Петербургтегі әйелдер медицина институтында бітірген Гүлсiм Жағыпарқызы Асфендиярова мен Мариям Сейiтжағыпарқызы Асфендиярова алғашқы жоғары білімді дәрігерлер болды».

Дереккөзі: Жұмабек Кенжалин. Алаш оқығандары. «Ана тілі» газеті, 2 ақпан 2012 жыл.

Ұсынылған тәртібі: http://anatili.kazgazeta.kz/?p=8404.

***

2-Варианты

Қазақ оқығандары

         ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығы қазақ қоғамында демократиялық ой-сананың оянуымен, өріс алуымен қоса, қазақ балаларының оқуға ұмтылысы, ілім-білімге деген құлшынысы күрт өсті. Учительдік, тілмаштық, аудармашылық дәреже алатын оқу орындарын былай қойғанда, Алаш ұландары Мәскеу, Киев, Петербор, Қазан, Омбы, Том қалаларындағы жоғары оқу орындарының аудиторияларынан асып, ғаламның әр шалғайындағы білім ордаларына ат шалдыра бастады. Сондықтан болар бүгінде Каир, Стамбул, Берлин, Варшава университеттерінің дипломдарына ие болған қандастарымыз туралы деректер көпшіліктің көз­айымына айналып отырғаны рас.

Айбасов Кәрібай (Баянауыл) – Санкт-Петербор университетінің заң факультетін бітірген.

Айдарханов Тұрлыбек (Омбы) – Санкт-Петербор университетінің заң факультетін 1902 жылы бітірген.

Асфендиярова Мәриям Сейітжағыпарқызы – Санкт-Петербордағы жоғары медицина академиясын 1908 жылы бітірген.

Арынғалиев Ғалиахмет Сафыұлы (Ақтөбе) – Қазан медицина факультетін 1905 жылы бітірген.

Айтбақин Әміре Дүрменұлы (Баянауыл) – Том университетнің медицина факультетін 1894 жылы күміс медальмен бітірген.

Атантаев Нұрғали (Ақтөбе) – Қазан университетінің заң факультетін бітірген.

Әбілқасов Бижан (Орал) – Қазанда малдәрігерлік институтын бітірген.

Әзірбаев Нығмет – қайда оқығаны белгісіз.

Әлиев Мырзабек – Санкт-Петербор университетінің шығыс тілдері факультетін 1903 жылы бітірген.

Базанов Оразқұл – Қазан малдәрігерлік институтын 1899 жылы бітірген.

Басимов Халилула – Санкт-Петербор университетінде оқыған.

Бекетаев Мұхамеджан (Омбы) – Қазан малдәрігерлік институтын 1898 жылы бітірген.

Бектібаев Хұсайын – Мәскеуде оқыған.

Бегішов Мұхамеджан – Стамбулдағы Түрік университетін бітірген (1890). Араб, парсы, түрік тілдерін білген.

Бисенов Батырғали (1889-1937) (Орал) – Саратов университетінің меди­цина факуль­тетін 1914 жылы бітірген.

Боранбаев Қанай (Алматы) – Варшава университетінің заң факультетінде оқыған.

Ғаббасов Халил (1888-1931) (Семей) – Мәскеу университетінің физика-математика факультетін алтын медальмен бітірген.

Ғайсин Әбдірахман (Орал) 1900 жылы, Шанов Смағұл, Қалбаев Досқали 1916 жылы – Стамбул қаласынан оқып, бітіріп келген, бірақ қай оқу орнында оқығаны белгісіз.

Домбаев Бірмағамбет – Қостанайдан, юрист.

Дүйсенбаев Исхақ (Алматы) – 1907 жылы Санкт-Петербор университетінің физика-математика факультетінде оқыған.

Едігин Асадұлла – қай жақтың адамы екені белгісіз. Қазан университетін 1896 жылы бітірген.

Есенқұлов Омар (Ақтөбе) – Саратов университетінің медицина факультетін 1914 жылы бітірген.

Есенбаев Халил – қайда оқығаны белгісіз.

Ережепов Қамбар (Шығыс Қазақстан) – Санкт-Петербор университетінде оқыған.

Жақсылықов Ысқақ (Жетісу) – Том университетінің медицина факультетін 1902 жылы бітірген.

Жақыпбаев Жүсіпбек (Нүсіпбек) (1890-1932) – Жетісудан. Киев университетінің медицина факультетін 1916 жылы бітірген.

Жасмағамбетов Мұса – Қазан малдәрігерлік институтын бітірген.

Жанболатов Сахыпкерей (Орал) – Қазан медицина факультетін 1914 жылы бітірген.

Жұмабеков Ғұсман – Санкт-Петербор университетінде оқыған.

Ибрагимов Ғали Мәмбетжанұлы (Орынбор) – Қазан университетінің заң факультетін бітірген.

Исмаханов Батырша Сұлтангерейұлы – Санкт-Петербор университетінің заң факультетін 1913 жылы бітірген.

Иманбаев Әбубәкір (Қостанай) – Қазан университетінің заң факультетін бітірген.

Иманбаев Файзолла (Қостанай) – Қазан малдәрігерлік институтын бітірген.

Ирмұхаммедов Ғабдулғазиз – Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін 1909 жылы Қазан университетінде оқыған.

Күсепғалиев Қази – Қазан малдәрігерлік институтын 1912 жылы бітірген.

Күшіков Әбілмәжін (Семей) – Варшава малдәрігерлік институтын 1914 жылы бітірген.

Көлбаев Досқали (Орал) – Стамбул университетін 1916 жылы бітірген.

Қапсәламов Шаймардан – Санкт-Петербор университетінде оқыған.

Қарабаев Мұхаммеджан (1858-1928) – Қазан университетінің медицина факультетін 1887 жылы бітірген.

Қабақов Сейіл – Қостанайдан, юрист.

Құлманов Бақтыгерей (Гурьев) – Санкт-Петербор университетінің шығыс тілдері факультетін 1888 жылы ғылым кандидаты атағын қоса алып бітірген. Мемлекеттік Думаға мүше болған.

Қаратаев Мағзұм (Бақытжан Қаратевтың інісі) – Санкт-Петербор университетін алтын медальмен бітірген.

Құлпейісов Есенғали – Қазан малдәрігерлік институтын 1899 жылы бітірген.

Қисықов Ғайса (Торғай) – Қазан медицина факультетін бітірген.

Қуатов Әлмұхаммед – Қазан университетін 1847 жылы бітірген.

Қосуақов Дінмұхаммед – Қазан университетінде оқыған.

Машаев Әбдірахман (Торғай) – Стамбулда университет бітірген.

Мұсағалиев Уахит – Киев коммерциялық институтын бітірген.

Мыңғашев Бөжей – Том университетінің медицина факультетін бітірген.

Нұржанов Хамза (Жамбыл) – Киев университетінің заң факультетін 1915 жылы бітірген.

Ниязов Әбдікәрім – Санкт-Петербор университетінің шығыс тілдері факультетін 1896 жылы бітірген.

Ниязов Батырқайыр (Орал) – Қазан университетінің заң факультетін 1901 жылы бітірген.

Ниязова (Танашева) Мүбинә Ибраһим қызы (1895-1981) (Атырау) – Саратов университетінің медицина факультетін 1916 жылы бітірген.

Оразаев Ғабдырахманбек – Мәскеу университетінің заң факультетін бітірген.

Оразалин Идрис – 1913 жылы Санкт-Петербор университетінде оқыған.

Оралбаев Шүленбай (Орал) – Киевте политехника институтының агрономия факультетінде оқыған.

Поштаев Мұқыш (Павлодар) – Қазан университетінің заң факультетін бітірген.

Поштаев Арынғазы – қайда оқығаны белгісіз.

Рамазанов Нұх (Семей) – Мәскеудегі Лазарев атындағы шығыс тілдері институтында оқыған.

Саркин Хәкімжан (1870-1927) (Қостанай) – Орынборда духовная семинарияны 1890 жылы, Қазандағы Духовная академияны 1898 жылы бітірген.

Сейдалин Сафаржан – Самарада оқыған.

Сердалин Мәмбетәлі (1865-1914) – Санкт-Петербор университетінде 1886 жылы оқыған.

Сүйіншіқалиев Сейдахмет (Қостанай) – Қазан университетінің физика – математика факультетін 1881 жылы бітірген.

Сыздықов Мұхамбетжан (Омбы) – Қазан малдәрігерлік институтын 1897 жылы бітірген.

Сейдалин Әбубәкір Мұқашұлы (Қостанай) – Қазан малдәрігерлік институтын бітірген.

Сабатаева Таным Құлкенқызы (С.Сабатаевтың әйелі) – Мәскеудегі иовивальный институтын (акушерлік) бітірген.

Серғалиев Төлепберген – Ақтөбенің Ырғыз уезінен. 1907 жылы Санкт-Петербордағы Теміржол инженерлері институтында оқыған.

Сұлтанғазин Дінмұхамбет (Қарқаралы) – Том университетінің медицина факультетіне 1880 жылы түсіп, кейін Санкт-Петербор университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген.

Солтанаев Жанақ (Жетісу) – Варшава малдәрігерлік институтын 1914 жылы бітірген.

Сүйінтұров Жолмұхаммед – Оралдың Ілбішін уезінен. Қазан университетінің заң факультетінде оқыған.

Сейдалин Мұса – Мәскеуде оқыған.

Танашев Ғұсман Арыстанғалиұлы (Орал) – Қазан медицина факультетін 1912 жылы бітірген.

Тұнғаншин Ахмет (Торғай) – Варшава малдәрігерлік институтын 1914 жылы бітірген.

Тойсарин Бейсембай – Том малдәрігерлік институтын бітірген.

Теміров Абдолла (Торғай) – Санкт-Петербор университетінің шығыс тілдері факультетін 1890 жылы алтын медальмен бітірген.

Уәлиев – Варшава малдәрігерлік институтын оқып бітірген.

Шанов Смағұл ( Орал) – Стамбул университетін 1916 жылы бітірген.

Шалымбеков Сәдуақас Тәжіұлы (Семей) – Санкт-Петербор әскери медицина академиясын 1909 жылы бітірген.

Шымбаев Мәжит Мұхамбетжанұлы (Орал) – Қазан медицина факультетін 1903 жылы бітірген.

Шалымбеков Әшірбек (Семей) – Варшава малдәрігерлік институтын 1914 жылы бітірген.

Шотаев Мұхамбетқазы – Қазанда оқыған.

Ізбасаров Жүсіп – 1876 жылы туған. Қазандағы малдәрігерлік институтын 1897 жылы бітірген.

Ізбасқанов Т. (Тұреке) – қайда оқығаны белгісіз.

Юсупғалиев Батырғали (Орал) – Саратов университетінің медицина факультетін 1917 жылы бітірген.

Ямбулатов Сахыпгерей (Орал) – Қазан университетінің заң факультетін 1914 жылы бітірген.

        

         Дереккөзі: Жұмабек Кенжалин. Алаш оқығандары. «Ана тілі» газеті, 2 ақпан 2012 жыл.

Ұсынылған тәртібі: http://anatili.kazgazeta.kz/?p=8404.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation