Бүгін Қазақ елі үшін Тәуелсіздік күнімен қатар тойланатын ұлы күн. Бүгін “Алашорда” Үкіметі жасақталған күн. Барша қазақты Алаштың 100 жылдық мерей-тойымен құттықтаймын!
“Декабрьдің 12-сі күні түс ауа сағат 3-те дүниеге Алаш автономиясы келіп, азан шақырылып, ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, алаш туы көтерілді…
Бұл бек тарихи күн”. Дəл осылай математик Əлімхан Ермеков “Сарыарқа” газетіне қуанышын жазып еді.
Бейбіт күн астына өмір сүріп жатқанымыз үшін, тəуелсіз, дербес мемлекетте аяғымызды нық басып жүргеніміз үшін, бəрі-бəрі үшін Алаш зиялыларына қарызбыз!!! Бірақ олар, ұлтқа қызмет етуін міндетсінбеді. Олар үшін ең құндысы – Алаш жұрты еді.
Қайролданова Назерке