Дүйсенбі, Қыркүйек 3, 2018
Негізгі > Ел бірлігі > АТАҒЫ ЖЕР ЖАРҒАН ҚАЗАҚТЫҢ 5 ТОЙЫ

АТАҒЫ ЖЕР ЖАРҒАН ҚАЗАҚТЫҢ 5 ТОЙЫ

“Той – халықтың қазынасы”. Ұлттың ұлы қуанышына айналған үйлену тойын дүркіретіп өткізу қазақтың дәстүріне айналған секілді. Today.kz осы уақытқа дейін елді шулатқан, әлеуметтік желіде көп талқыланған 5 тойдың тізімін ұсынады .

– Күні кеше ғана Тұрсынбек Қабатовтың басқаруымен Шымкентте өткен той Ірі шенеуніктер жасаған тойды әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Иә, барлығының басынан жай түсірген – алып әрі әдемі торт екені жасырын емес. Тойдан Геннадий Головкин бой көрсетсе, Италия сахнасында өнер көрсетіп жүрген Сүндет Байғожин мен әнші Тамара Асар дуэт боп ән шырқаған.

– Басы дауға қалған Төреғали Төреәлінің тойын ешкім ұмыта қойған жоқ. Отау құрғанынан 3 жылдан кейін жасалған тойға әншінің дайындығы да осал болған жоқ. “Төреғалидің тойын ұлттық арналар тікелей эфирден көрсетеді екен” деп шуласты жұрт. Сонымен қоса, Толқынның емес, Төреғалидің той киімі ұзақ дайындалған. Төреғали Төреәлі тойға киген костюмін 3 ай бойы тапсырыспен тіктірген.

– Елді шулатқан тағы бір той – Қайрат Нұртастың отбасындағы қуаныш. Жоқ, Қайрат Нұртас та 10 жылдан кейін үйлену тойын жасаған жоқ. Өзінің артынан ерген інісін үйлендірді. Айта кету керек, дәл осы жазда өткен тойда ғана Қайраттың жары Жұлдыздың фотосуреттері жариялана бастады.

– Атышулы тойлардың бірі – Өмірқұл Айниязовтың 40 жас мерейтойы болды. Түрлі қазақы шоуды тойшы қауымның назарына ұсынған әнші тек әлеуметтік желі қолданушыларының ғана емес, журналистердің де назарына ілікті. Кейбір БАҚ “Өмірқұл Айниязов өз тойында ойына келгенін істеді” деп жазды. Бірақ осы тойда Жанар Айжанованың жалаңаяқ билегені желі қолданушыларының пікірталасын тудырды.

– Елдің назарында болған тойлардың бірі –  актер Асылхан Төлеповтың шаңырақ көтерген тойы болды. “Жаужүрек мың бала” фильмі арқылы танылған келбетті актерге талай қыз ғашық еді. Алайда Асылхан Айсұлу есімді өз “сұлуының” қолынан жетектеп, талай қыздың жүрегін жаралап, бойдақтықпен қош айтысты. Айтпақшы тойға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек келіп, жас жұбайларға өз құттықтауын жеткізді.

Тойгүл Нұржанқызы

today.kz

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation