Негізгі > Саясат > Тіл жанды процесс – тұтынған сайын жетіледі, тұқыртқан сайын кетіледі

Тіл жанды процесс – тұтынған сайын жетіледі, тұқыртқан сайын кетіледі

1308888-878x1024

Кітап, журнал, газеттерімді ақтарып отырып, қазақтың біртуар  этнограф-жазушысы, қалам тартпаған тақырыбы аз қайраткері Ақселеу Сейдімбектің 2003 жылы “Қазақ әдебиетіне” шыққан “Ұлттық идея” тақырыбындағы мына бір тіл туралы жазбаларын оқырманға қайтара ұсынғым келіп отыр.

Ақиқатқа дес берсек, қазақ тілі мемлекеттік тіл деңгейінде тұтынуға жарамай отырған жоқ, жарата алмай, ұқсата алмай отырмыз. Былай айтқанда, жібекті түте алмай жүн  еткеннің кері. Осыдан мың жарым жыл бұрын қалыптасқан жазба дәстүрдің шыңдауынан өткен қазақ тілінің, орта ғасырдағы Алтын Орда империясының мемлекеттік тіліне негіз болған  қазақ тілінің, Қазақ хандығы кезінде қоғамдық өмірді жыраушылардың қанатты поэзиясымен, би-шешендердің қисынды уәжімен реттеп отырған қазақ тілінің, XX ғасырда ғылымының барлық саласынан, оқулықтар түзеген қазақ тілінің, әлемдік классикалық сөз өнерін негізінен сөйлетіп үлгерген қазақ тілінің, тіптен Маркс пен Ленин шығармаларының толық жинағын дүниежүзінде  орыстардан кейін бірінші болып сөйлеткен қазақ тілінің, енді келіп, тәуелсіздік алып, Республиадағы қазақтардың саны 30 пайыздан 60 пайызға жетіп, түркі тілдес халықтардың саны 70 пайызды құрап отырғанда, қазақ тілінің қағажау көруін немен түсіндіруге болады?! Оның себебі, турасын айтқанда, қазақ тілі Қазақстан Үкіметі мен парламентінің тілі бола алмай отыр.

1308888

Одан гөрі ашынып айтар болсақ, Қазақстан Үкіметі мен Парламенті ұлт тағдырына қатысты осынау тарихи жауапкершілікті терең сезіне алмай отыр, сезінсе де жалтақтық, тайғанақтық танытып отыр. Құдай берген синхронды аударма тұр, кім қай тілде сөйлеймін десе ешкім ауыздан қақпайды. Қазақстан Үкіметі мен Парламенті және басшылық қызметке тартылатын адамдардың қазақ тілін білуін ұлттық-мемлекеттік міндетті жауапкершілік деп танып, оның жүзеге асуына тегеурінді талап қойылсыншы, әрі кетсе бір жылда бүкіл қазақстандықтардың қазақ тілінде өзара түсінісіп кететініне еш күмән жоқ. Мұның өзі, түптеп келгенде, жүзден астам ұлттық диаспорлардан тұратын қазақстандықтардың өзара түсіністігі мен жарастығына кепіл болатын ең жанды дәнекер де болар еді…  Ащы да болса ақиқат шындық осы.

Сайтқа дайындаған: Ж.Айқынұлы

[email protected]

 

0

  1. Үкімет басынна Қазақтың қас дұшпанын отырғызып қойсаң,тілің сөнбегеде қайтеді?…Тіл түгіл ол дұшпаның байлығыңды сатып,ақшаңды шашып,халқыңды атып жатқан жоқпа?!!..Ең қымбат адам өмірі құрметтелмегенде,тіл қалай құрметтеледі?…Ол дұшпан биліктен кетпейінше,Қазақтың жағдайы жөнделмейді…

    0
  2. Ол қай дұшпан, ағалар-ау? Маған мұғалімім тіл туралы шығарма жазып кел деп еді. Не деп жазсам болады енді. Бүкіл сайтты аралап, бір тамаша, рухты мақала тауып, оқып мәз болып отыр едім, соңыра пікірді көріп шошып кеттім ғой. Неге осындай пікір жазуға әуес екен үлкендер, қызық. Қазақ тілінің даңқын асырып мақтап барайын деп едім сыныпқа, алғашқы қоңырауға. Енді жаз бойы не жаздыңдар десе не деймін?

    Десе де, ұстазға жоғарыдағы мақаланың мына жерін оқып берем де, былай аяқтай салам:

    “Алтын Орда империясының мемлекеттік тіліне негіз болған қазақ тілінің, Қазақ хандығы кезінде қоғамдық өмірді жыраушылардың қанатты поэзиясымен, би-шешендердің қисынды уәжімен реттеп отырған қазақ тілінің, XX ғасырда ғылымының барлық саласынан, оқулықтар түзеген қазақ тілінің, әлемдік классикалық сөз өнерін негізінен сөйлетіп үлгерген қазақ тілінің, тіптен Маркс пен Ленин шығармаларының толық жинағын дүниежүзінде орыстардан кейін бірінші болып сөйлеткен қазақ тілінің ӘЛЕМДІК ТІЛГЕ АЙНАЛУЫНА ӘБДЕН ҚАҚЫСЫ БАР!
    Міне, менің мақалам осылай болады… Осы сайтқа көп рахметімді айтқым келді. Ұрпақтың рухын асқақтатар осындай шығармалар жазып тұрыңыздаршы.

    Мен өзім Қарғыба ауылында тұрамын, атым Еларыс Мұратұлы, 9-сынып оқушысымын. Көп рахмет

    0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

39 − 29 =