Тақырып: Өскеменде театр актерлері баспаналы болды
Мақала мәтіні: <h4><strong>Жиырма жас актер ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында жаңа пәтер кілттерін алып, қоныс тойын тойлап жатыр.</strong></h4>
<img class="aligncenter wp-image-4798 size-full" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/12/photo_32040.jpg" alt="photo_32040" width="705" height="388" />
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлері үшін Өскемен қаласында жаңадан тапсырылған үйден 20 пәтер бөлінді. Пәтер иелерінің көбі жас актерлер. 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған өнер ордасында қазақ және орыс труппаларына қоса Жастар театры құрылған болатын. Бұл театрға жұмыс істеу үшін Астана мен Алматы қалаларындағы оқу орындарын тәмамдаған Қазақстанның әр аймағынан келген кәсіби жас мамандар шақырылған. Актерлердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасап, баспана береміз деген облыс әкімі Даниал Ахметовтің уәдесі орындалып, 20 отбасы биыл қоныс тойын тойлады.
<img src="https://kaz.tengrinews.kz/userdata/images/u257/resized/184d794eee3ff03aaa59460611cdac53.JPG" alt="" />
"Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетін тәмамдай салысымен еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрынан бастадым. Шығыс өңірінде жаңадан құрылғалы жатқан жас театрға жұмысқа келуді ұйғардым. Жақында ғана өзімізге берілген жаңа пәтерлерге кірдік. Облыс әкімі тарапынан жас мамандарға осындай қолдау көрсетілуі бізді ерекше қуантады, ары қарай да қарқыны түрде еңбек етіп, биіктерді бағындыратынымызға сенімім мол", - дейді театр актері Ержан Амантаев.
Айта кетейік, театр ұжымы Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өткен XIV халықаралық жастар фестиваліне, Астана, Павлодар, Петропавл қалаларына гастрольдік сапарларға шығып үлгерді. Жастар театры өз спектакльдерінде қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелерді көрсетіп қана қоймай, түрлі формадағы қойылымдарды да сахналауда.
<a href="https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/oskemende-teatr-akterler-baspanalyi-boldyi-275145/">kaz.tengrinews.kz</a>
Жиырма жас актер ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында жаңа пәтер кілттерін алып, қоныс тойын тойлап жатыр.
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлері үшін Өскемен қаласында жаңадан тапсырылған үйден 20 пәтер бөлінді. Пәтер иелерінің көбі жас актерлер. 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған өнер ордасында қазақ және орыс труппаларына қоса Жастар театры құрылған болатын. Бұл театрға жұмыс істеу үшін Астана мен Алматы қалаларындағы оқу орындарын тәмамдаған Қазақстанның әр аймағынан келген кәсіби жас мамандар шақырылған. Актерлердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасап, баспана береміз деген облыс әкімі Даниал Ахметовтің уәдесі орындалып, 20 отбасы биыл қоныс тойын тойлады.
“Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетін тәмамдай салысымен еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрынан бастадым. Шығыс өңірінде жаңадан құрылғалы жатқан жас театрға жұмысқа келуді ұйғардым. Жақында ғана өзімізге берілген жаңа пәтерлерге кірдік. Облыс әкімі тарапынан жас мамандарға осындай қолдау көрсетілуі бізді ерекше қуантады, ары қарай да қарқыны түрде еңбек етіп, биіктерді бағындыратынымызға сенімім мол”, – дейді театр актері Ержан Амантаев.