Былтыр көктемде қаладағы 47-ші мектептің оқушылары тамақтан уланып, жаппай ауруханаға жатып шыққан болатын. Семей қаласының №2 соты мектеп меңгерушісі Меруерт Шахантаеваға қатысты қылмыстық қуғындауды тоқтатты,-деп хабарлайды “Жерұйық” порталы.
Тексеріс кезінде ас ішетін табақтардың хлор қоспасымен жуылғаны анықталған. Соның кесірінен 100-ге жуық баланың денесі бөртіп, өздерін жайсыз сезінген. Осыдан кейін асханадан аластатылған кәсіпкердің ісі сотқа жеткен еді. Алайда Шахантаева ешқандай жазаға тартылмайтын болды. Өйткені ол «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 2-бабы, 1-бөлімі негізінде сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Тіпті, қазір ол кәсібін Семейдегі 33-ші мектепте жалғастырып жатыр.
«Соттың анықтауынша, 2016 жылы 23-ақпанда М.Шахантаева жеке кәсіпкер ретінде тендерді жеңіп алған және №47 мектеп асханасында оқушылар тағамын қамтамасыз етуді ұйымдастыруда кәсіпкер мен Семей қаласының білім беру бөлімінің арасында келісімшарт бекітілген. 5-8 наурыз күндері мектеп асханасынан тамақтанған 5-7 сыныпта оқитын 74 оқушы дәрігерге көрінуге мәжбүр болды. Науқастардың жағдайына денсаулыққа жеңіл залал келді деген баға берілді», — делінген №2 қалалық соттың баспасөз қызметі жіберген хабарламада.