Дүйсенбі, Наурыз 12, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Жұмат Әнесұлы: осы күнге дейін «кім бірінші, кім ақын?» деп қырқысумен жүр

Жұмат Әнесұлы: осы күнге дейін «кім бірінші, кім ақын?» деп қырқысумен жүр

Қай дүниеніңде қасиеті салыстырмалы түрде анықталады. Поэзияда да солай. Өлеңнің қадір қасиетін білу үшін оның теориясын жақсы білу қажет, сонымен бірге жан жағыңа қарап, әлемнің, қасыңдағы жұрттың жетістігі мен кемшін тұстарын бағамдай алған жөн, әрине, оған білімің жетсе.

Біздің замандастырымыз ғана емес, Ы.Алтынсарин, Абай, А.Байтұрсыновтан бастап, шетелдің әдебиетіне, көрші ел орыстың әдебиетіне назар аударған. ПОЭЗИЯ туралы қысқашалау пікр болғасын, орыс поэзиясына қысқаша шолу жасай кетейін. ХIХ -ғасыр- орыс поэзиясы «Алтын ғасыры» атанған. Оның басында Жуковский, А. Пушкин тұр.
Ал, ХХ- ғасыр, анығын айтқанда 1890-жылдар 1930- арасындағы орыс ақындарының шыққан биігіне » орыс поэзиясының «КҮМІС ҒАСЫРЫ» деген баға берілді. Осы «Күміс ғасырдың» ұлы ақындары Блок, Есенин, Маяковский, Брюсов, Ахматова, Цветаева, Кузнецов, Бродский, Гумилев, Пастернак, Клюев және т.б. еді. «Орыс күміс ғасырының» ақындары «Алтын ғасыр» ақындарынан немен ерекшеленді?. Міне, әңгіме осында. Орыс поэзиясының ХХ- ғасырдағы ақындары әркімнің өзіне ғана тән мәнерімен, өз заманын тек өзіне ғана тән бояумен, айтқыштықпен, суреттеуімен ХIХ- ғасырдың ақындарынан айқын еркшеленіп тұрды. Өлеңнің қалпы (ФОРМАСЫ) демекші,
«Күміс ғасырдағы» орыс ақындарының өлең формасын түрлендіруі осы кез. Содан бұл кезеңдегі орыс ақындары арасында «Символизм», «футуризм», «модернизм», акмеизм» сияқты ағымдарға бөлініп кетушілік болды. Мәселен, ертеректе «футуризм» ағымындағы Хлебников деген ақынды оқығаным бар. Ақындығы ешкімнен кем емес, орыстың дара ақындарының бірі «болды. Поэзияда өзіңе ғана тән түр іздеу, форма іздеу, ешкімге ұқсамайтын ой қозғау деген сол. Француздың атақты жазушысы Эмиль Золяның «Тек өзіне ғана тән стильі жоқ жазушы, жазушы емес» деп жазғаны есімде, поэзияда да солай.Орыс әдебиетінде кемелді, білікті сыншы, әдебиеттанушы өте көп. Ертеде Шкловский деген әдебиеттанушы, сыншысының еңбектерін оқығанмын. Орыс әдебиетіне керемет тілді, білімді сыншы еді.
Бүгінде орыс әдебиет, оның ішінде поэзиясы да қарқынды дамуда. Мәскеу университетінен бастап, толып жақтан университеттер әдебиеттану мамандарын, әдебиет, театр, өнер сыншыларың биік деңгейде дайындауда. Мықты прозаиктері, ақындары, білікті әдебиет сыншылары бар орыс әдебиеті өз заманынының талабына сай деңгейде дамуда.

***

Орыс әдебиетінің «Алтын ғасыры» мен «Күміс ғасыры» туралы ғасыр бойы көптеген ғылыми зерттеулер жазылып, дәлелденген нәрсе. Орыс әдебиеттанушылары «ХХ — Орыстың елу ақыны» атты ғылыми көзқарасты қалыптастырды. Ал, біздегілер осы күнге дейін «кім бірінші, кім ақын?» деп қырқысумен жүр.
Ал, «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» туралы жалпы сыпаттамада кейде айтылып қалғанымен, оның мезгілі көрсетіліп, оған қандай шығармалар жататыны туралы бірде ғылыми зерттеулерді оқымаған едім. Дегенмен, «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» туралы қысқа шолу іспетті пікір жазуға болады.
ХХ- ғасырдағы «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» Абайдың алғашқы жыр жинағынан, А.Байтұрсыновтың «Қырық мысалынан», М.Дулатовтың «Оян қазағынан» басталады. Үшеуі де ақын. Осы үш тұлға 1909-жылы Қазақ поэзиясын алтын тұғырға көтерді. Олар осы шығармаларымен елдің рухын көтерді, түн қараңғылығын ысырып, жұртты жарыққа шығарды.1910- жылы Ахмет Байтұрсыновтың «Абай қазақтың бас ақыны» атты әдеби танымдық мақаласы жaрық көрген болатын. Абайдың, Ахаңның,Міржақыптың өлеңдері, Ахаңның Абай туралы жазғаны қазақ әдебиетінде жаңа, дарынды лектің келуіне зор ықпал жасағандай. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Беймбет Майлин, Сәкен Сейфуллин тәрізді, үндері, жырлары бір біріне ұқсамайтын дара ақындар легі бірінен соң бірі әдебиет әлеміне келе бастады.
Соғысқа дейінгі поэзияға өзіндік әлемімен, жаңа лебімен келген ақындардың бірі- Ілияс Жансүгіров пен Қасым Аманжолов еді. Бұл ақындардың отты жыpлары өз заманын жалынмен шарпып өтті. Ал, 60-жылдарға дейін, жыр әлеміне жаңа түр енгізген, қысқа да, нұсқа жырларымен әдебиет әлемінің назарын аударған ақын Сырбай Мәуленов болатын. 60-жылдардан кейін қазақ әдебиетіне тілдік өрнектері ерекше, жырларында өзіндік мәнерлері, стильдері қалыптасқан тума таланттар дүриеге келді. Олар -Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Кеңшілік Мырзабеков, Жарасқан Әбдірәшев, Жұмекен Нәжімеденов, Темірхан Медетбеков және т.б. еді.
Ал, ХХ- ғасырдағы қазақ прозасы қазақ әдебиетінің маңдайындағы гаухар тасы десе де болады. Қазақ романының бастауында М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» тұр. Одан кейінгі прозаның шылбырын Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Саттар Ерубаев, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин іліп әкетіп, әрі дамытты. 60-жылдардан кейін жазылған Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тeрі», І.Есенберлиннің «Алмас қылышы», М.Мағауиннің «Аласапыраны» қазақ әдебиетінің жаңа шыққан биік белесі болды.
Ал, Қазақ әдебиетіндегі сын жанрын А.Байтұрсынов өзінің «Абай қазақтың бас ақыны» мақаласымен және «Әдебиет танытқыш» оқулығымен бастап берген. Әдебиет сыншылары сол кезде де болған. М.Дулатов, Шонанов, Ж.Аймауытов кезінде өздерінің әдеби танымдық сыни мақаларымен де елге танылған еді. Одан беріде, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, З.Қабдолов, С.Қирабаев және т.б. сын жанрымен, теориясымен кәсіби айналысқан еді.
Қысқаша айтқанда,ХХ- ғасырдағы «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» 1909-жылдан 1970-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Содан кейінгі қазақ әдебиетінің ғұмырын «Күміс ғасырмен» салыстыруға болады.

ПОЭЗИЯ ТУРАЛЫ ТАҒЫ БІР ПІКІР

Әдебиет саласында Поэзия туралы айту ең қиын шаруа. Ең қиыны болатыны- Поэзия туралы осыдан 23 ғасыр бұрын Аpистотель өзінің «Поэтика» еңбегінде жазып кеткен. Содан бері поэзия мың түрленіп, өзінің шырқау биігіне жетті. Сондай ақ, 1926- жылы Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты ғылыми теориялық еңбегін жарыққа шығарды. Жас ақын жазушыларға Ахаңның осы шығармасын оқыған жөн. Ақын, досым Аманхан ӘЛІМ жас ақындарға Ресей сыншыларының Поэзия мен Проза туралы теориялық қағидаларын ұсынған екен. Дұрыс. Орыс поэзиясы әлемдік әдебиетте алдыңғы қатардағы жанр. Әдебиеттану ғылымыда дамыған. А.Әлім оқырмандар назарына ұсынған теориялық мақалада » Поэзияның прозадан артықшылығы сезім сәтін, немесе таиғат көрінісін қысқа да, нұсқа, көркем, бейнелі тілмен суреттеп бере алады» деген абзац бар. Мен оған керісінше, «Прозаның поэзиядан артықшылығы шағын лирикалық жанрда бейнелей алмайтын ұзақ ғұмырдың оқиғаларын (әңгіме, повесть) оқырманның көз алдына елестетіп бере алады» деп.
Аманхан досымның осы фейсбуктегі жазбасы менің поэзия туралы бірер пікір айтуыма себепкер болып отыр.
Қазіргі қазақ поэзиясы туралы сөз қозғасақ, ол ұзақ сөз болар еді. А.Әлім жас aқындардың өлеңдерін жариялап, жақсы бастама көрсетіп отыр. Қазақ баспасөзін, сайттарын шолып отырып, соңғы он он бес жыл ішінде тілі көркем, ойлары түйінді талантты, дарынды жас ақындардың нөпірі пайда болғанын байқауға болады. Бұл өте жақсы ырым. Ұлт тірегі бүгінде, келешекте де ұлтжанды ақындар, жазушылар болып қалмақ. НӨПІР деген сөзді мен әдейі қолданып отырмын. Ақын көп, нөпір болғасын оның ішінде артық, кемісті болуы да заңды
Мен олардың бәрінің шығармашылығына талдау жасайын деп отырғаным жоқ. Тек сол жас ақындардың ішінде поэзия жанрларының теориялық жағын білмейтіндіктерін аңғардым. Поэзияда ОДА деген жанр бар. Ода жанры атағы шыққан адамдарға АРНАУ, мадақтау түрінде жазылады. Соңғы онжылдық легінде атағы шыққан жас ақындардың осы Ода жанрына жиі иек артып жүргені еске түседі. Солардың одаларын жазба түрінде оқып көрсең, қарабайыр, қу сөз екенін көріп, түңілесің. К.Мырзабековтің «Іңкәр дүние» атты жинағында Н.Тілендиевке арнап жазылған өлеңі бар еді, сол Оданың классикалық үлгісі деп айтар едім. Өйткені, онда Тiлендиевтің керемет образы бар.
Сол сияқты БАЛЛАДА жанрын жас ақындар түсіне бермейтін тәрізді. Оларға отыз ауыз өлең болса, сол «баллада» тәрізді, шамасы. БАЛЛАДА туралы қысқаша айтсам, ол «сюжетті лирика».
Поэзия жанрындағы ЭЛЕГИЯ жанры өте әдемі жанр. Ол негізінен өмір философиясына құрылады. Егер сол өлең философиялық ой мен бірге лирикалық сезіммен ұштасып жатса, онда ол -өлеңнің маржаны.
Поэзиядағы ауыр жанрлардың бірі -РЕКВИЕМ. Реквием
деп әуелде католиктердің адам өлгенде айтатын жоқтауын айтқан. «Реквием» атты Моцарттың муз.композиция жазған. «Реквием» атты Ахматованың жыры бар.
Онда:
«Это было, когда улыбался,
Только мертвый, спокойствию рад.
И ненужным привеском качался,
Возле тюрем своих Ленинград.
И когда, обезумев от муки,
Шли уже осужденных полки,
И короткую песню разлуки
Паровозные гудки пели рано,
Звезды смерти стояли над нами,,
И безвинная корчилась Русь,
Под кровавыми сапoгами
И под шинами черных марусь…»
деген мұңды, зарлы жолдар бар. Реквием осылай жүрек жарды жазылуы тиіс.
РЕКВИЕМНІҢ қазақша мағынасын АЗАЛЫ ЖОҚТАУ деп алса әбден болады. Реквием жазуға осы күнгі жас қазақ ақындарының ішінде жазған ЖАС ақындар бар. Бірақ, олар шығармаларын сондай азалы күйге жеткізе алды ма! Міне, мәселе осында. Олар шығармаларының айдарын «Реквием» деп көпірткенше, АЗАЛЫ ЖЫР деп атаса, әлдеқайда көңілге қонымды болар еді. Қазақтың РЕКВИЕМІ ол қазақтың ЖОҚТАУЫ. Мәселен, А.Байтұрсыновтың жинағына енген «ӘЙТЕКЕ» жоқтауы РЕКВИЕМ ПОЭМАҒА тең деуге болады! Тілі, айтқыштығы, көркемдігі ғажап! Сондай ақ, «Кенесары -Наурызбай» жоқтауы да реквиемнің теңдессіз үлгісі.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,
жазушы, әдебиеттанушы

© “Қасым” порталы

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation