Сейсенбі, Тамыз 28, 2018
Негізгі > Ал, ендеше! > Қазақтың өнеріне қайта-қайта бас иіп тұр (ВИДЕО)

Қазақтың өнеріне қайта-қайта бас иіп тұр (ВИДЕО)

Қазақтың жас әншісі Димаш Құдайберген Қытайдағы “Мен әншімін” байқауына қатысып жатқанын, қандай белестерді бағындырғанын жарты әлем біліп отыр. Осыдан біраз күн бұрын Димаш әлемге әйгілі кино жұлдызы Джеки Чанмен кездесіп, оған қазақы шапан жапқан еді (1-бейнематериалда). Сонымен қатар, Димаш актерге қазақтың қара домбырасының қос тиегінен ағытылған тамаша тарту жасағанын да БАҚ жарыса жазды.

Төменде күйдің дауысына арқасы қозған Джеки Чан тура билеп кетуге шақ қалып тұр. Домбыраның үніне елітіп, басын жұлқып тұрған асауға (жылқыға) ұқсап тұрғанын өзі де байқамай қалса керек. Немесе қазақтың өнеріне қайта-қайта бас иіп тұрған күллі аспан елі елестеп кетті… Құдіретті, қара домбыра! Жарайсың, қара бала!

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation