Перуде ұзақ уақыт бойы толассыз жауған нөсер соңы алапат су тасқынына ұласып, елдің солтүстік-батысындағы Пиура қаласын су басты. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат 90 адамның өмірін жалмаған. 300 отбасы қауіпсіз жерге көшірілген. Хабар-ошарсыз кеткен тағы 20 тұрғын әлі табылған жоқ. 200 мың үй көлкіген су астында қалды. Ал синоптиктер ақ жауын алдағы уақытта басылмайды деп болжап отыр.