Жексенбі, Сәуір 15, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > «Балуан Шолақта» мықтылардың жекпе-жегі

«Балуан Шолақта» мықтылардың жекпе-жегі

Сәуірдің бірі күні Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында «Алаш айбары» халықаралық турнирі өтеді. Оған әлемнің 8 елінен спортшылар қатысады. Жанкүйерлер 12 жұптың тартысты кездесуіне куә болады. «Қарсыластардың осалы жоқ», – дейді мамандар.

Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген жерлесіміз Евгений Егембердиев ресейлік Иван Лукинмен күш сынасса, Сүлейман Исаев грекиялық Клаудио Деканимен шеберлік байқасады. Белаторда бағы жанбаған Клаудио енді Алматыдан олжалы қайтуды көздейді. Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшымыз Бақтияр Несіпбектің көсілетін кезі келді.

«Әзірбайжандық Фарид Бабаевпен жұдырықтасатын Бақтияр қазір бабында», – дейді бапкерлер. Осы турнирдің ең тартысты кездесуі Ерлан Тілеумбетов пен бразилиялық Лукиано Пальчано арасындағы жекпе-жекті асыға күтетіндер көп. Сондай-ақ шаршы алаңға тәжірибелі спортшылар Ержан Естанов пен Асу Алмабаевтар шығады. Жарыс cәуірдің 1-інен 2-сіне қараған түні сағат түнгі 00:00-де «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Данияр Қасқарауов, «Алаш Прайд» кәсіпқой спорт клубының президенті:

– «Балуан Шолақта» үлкен жарыс біраздан бері болмаған. Осы жарысқа арнайы жаттығумен келді. Қарсыластардың рекордтарына қарап отырсақ, Шыңғыс Қайрановтікі болсын, 16-17 кездесу өткізген. Біздің Қайранов 6-7 кездесу өткізген. Оларды тіпті әуесқойлық жағынан алып қарасақ та самбодан Әлем чемпионы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Сондықтан осы жарыс тартысты болады.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation