Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жолдар жабылды.
Алматы облысында қатты жел мен жолдың көрінбеуіне байланысты Сарыөзек – Көктал (40-80 шақырым, Көгалы ауылы – Басшы ауылы) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды. Сондай-ақ, Үшарал – Достық (83-184 шақырым) тас жолы барлық көлік түрі үшін жабылды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Алматы – Өскемен (973-1073 шақырым, Өскемен – Қалбатау ауылы) тас жолы барлық көлік түрі үшін жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында Саумалкөл – Новоишим (0-91 шақырым) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды.