Өзінің iPhone-нына үйленген жігіт некесін қиды

2340Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды, деп хабарлайды zheruiyq.kz тілшісі Газета.Ru ақпаратына сүйеніп.

Журналистердің сауалына ол:  смартфонымен бірге күллі бос уақытын өткізетіндігін, онымен бірге ұйықтап, ояна сала, оның бетіне қарап, тексеретінін қаймықпай айтты. Неке қию салтанаты Лас-Вегастағы шағын шіркеуде өткен.

Ер азамат iPhone тысына сақинаны қыстырып, уақыты келгенде салтанатты түрде сақинаны салған. Шіркеудің иесі бұндай жағдайлардың өте сирек кездесетінін айтады. Бұндай болашағы жоқ некенің түр-түрі шыға бастаған көрінеді (жануарлармен бас құрағандар да бар).

Бұл некенің ешқандай заңдық күші жоқ, алайда мұндай салтанаттарды ұйымдастыруға Лас-Вегас билігі тыйым сала алмайтыны тағы бар.

Ал, Сіз не ойлайсыз?





Pin It

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *