Дүйсенбі, Тамыз 14, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Семейдегі қоғамдық көліктің өртену себебі анықталуда

Семейдегі қоғамдық көліктің өртену себебі анықталуда

Кеше Семейде қоғамдық көлік отқа оранды.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Жүріп бара жатқан көліктегі түтінді алдымен жолаушылар байқап, жүргізушіге хабарлапты. Ол дереу темір тұлпарын жол шетіне тізгіндеп, адамдарды шығарған. Қолда бар құралдармен қызыл жалынның бетін қайтару қиын, әп-сәтте өрт сөндірушілер де жетіп, тілсіз жау толық ауыздықталды. Оған екі техника мен 8 адам жұмылдырылған. Жалын жарты шаршы метр аумақты жалмапты. Ең бастысы, адамдар аман. Енді мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

75 − 73 =

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару