Дүйсенбі, Қаңтар 22, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Семей: Қоларбалар шеруінің қажеті не?

Семей: Қоларбалар шеруінің қажеті не?

Бұл шара осымен 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Байқау шарты бойынша бөбектер көлігі ерекше безендірілуі тиіс және әр ата-ана өз туындысын жұртқа жан-жақты таныстырады. Бұл жолы да қиялы ұшқыр тұрғындар көз майын тауысып, кеме, бауырсақ, гүл, тіпті хан тағына дейін жасапты. «Ең бастысы баламызға және қалалықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйладық», – дейді олар (24-арна хабарлады).

Ал, Сіз қалай ойлайсыз, бұл шараның мақсаты не? Балаларға тамаша көңіл-күй сыйлаудың басқа жолы жоқ па? Сәбиді үлде мен пүлдеге орап, арбасын безендіргеннен кім қаншалықты әсер ала қояды екен. Қаншама шығындалып, көзмайын тауысып, тіпті кейбір ата-ана сол үшін жаңа арба да сатып алғанына күмәнім жоқ. Бұл былай қарасаңыз ата-аналардың ғана көңіл күйіне әсер етсе керек, шеруге қатысып, үздік болғысы келеді. Ыстық күнде, шіліңгір астында сәбидің терлеп-тепшіп, быжып отырғанында (қалың жылтырақты қаптап қойған соң солай болады да) ешкімнің жұмысы жоқ сияқты (бейнехабардан көріңіз).

PS. Одан да “Бақытты балалар шеруі” деген тақырыппен (қоларбалар шеруі дегеннен жақсы сияқты) әке мен баланың, бала мен ананың ара-қатынасын, махаббатын арттыратын бір шара ойластыру керек сияқты. Арбасында маужырап отыра берген сәби мен әкенің арқасында мәз болған бөбектің көңіл-күйін салыстырыңызшы. Қайсысы тамаша? Сондықтан, анасы баласын қалай еркелетеді, әкесі баласын анасы жоқта қалай жұбатады немесе тамақтандырады, көтереді, ойнатады деген мақсатқа жүгініп, түрлі номинацияға бөліп шара ұйымдастырса қатып кетер ме еді? Өз ойым ғой!

Ж.Айқын

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation