Америкалық белгілі жазушы Элвин Тоффлер 87 жасында қайтыс болды, -деп хабарлады zheruiyq.kz РИА «Новости» ақпарына сүйеніп.
Әмбебап тұлға қазіргі заманғы коммуникация жүйесінде болатын барлық соны жаңалықтарды алдын ала болжап, талдай білген, сонымен қатар көркем әдебиет тілімен суреттеп берген.
Элвин Тоффлер оқырман қауымға өзінің «Болашақтан естен тану» (Future Shock) деген кітабымен танымал. Роман қазіргі заман туралы болжамдарымен ерекшеленеді. Соның ішінде онда электронды пошта, телемәслихат, онлайн-чат туралы кеңінен жазылады. Жазуышның сол фантастикасы кейін өмірге келді.
Тоффлердің осындай идеялары кезінде АҚШ-тың бизнес пен технологияны дамыту саласының өкілдеріне үлкен ой салып, оларға жаңа бағыттар көрсетіп берген. Солардың арасында Стив Джобс, Билл Гейтс және AOL медиа конглерматының негізін қалаушы Стив Кейс бар. Олар жазушы суреттеп берген салалар бойынша ізденіп, бүгінгі дәрежелеріне жеткен.