2016 жылдың 29 шілдесі күні сағат 14.00-де Райымбек ауданы, Қарқара ауылдық округінің Мыңжылқы жайлауындағы атшабарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» атты шаралар аясында ұлттық ат спорты түрлерінен және қазақ күресінен ашық облыстық жарыстар өткізіледі.
Жарыс бағдарламасында: 11 шақырымға құнан бәйге, 16 шақырымға топ бәйге, 9 шақырымға жорға аттар жарысы, 25 шақырымға Аламан бәйге ұйымдастырылады. Бәйгенің бас жүлдесіне жеңіл автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар тігіледі.
Сонымен қатар, көкпар, теңге ілу, қыз қуу және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер ұсынылады.
Жарысқа қатысуға сұраныстар мекемелер мен жеке адамдардан қабылданады.