Сенбі, Тамыз 26, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > New York Times газеті Мұстафаның ерлігіне тәнті болған

New York Times газеті Мұстафаның ерлігіне тәнті болған

Бағана Фейсбукта жаңалық қарап отырып бір жазбаға көзім түсті. Жазбаның маған әсер еткені соншалық жас баланың өжеттілігіне тамсанып әлі отырмын. Алған әсерімді өзімде ғана қалдырмай жазбаны аударып сіздерге ұсынуға жөн көрдім. Оқып астына пікір жазуды ұмытпаңыз.. ________ Әлемге танымал Америкалық New York Times газеті Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің немересін “21-ші ғасырдың ең батыл жасөспірімі” деген атаққа лайық деп күллі әлемге жар салып жатыр. Шындығында 14 жасар Мұстафа Саддамның жасына сай емес ерлік көрсеткендігі ақиқат. Әңгіме былай болған: Ирактағы соғыс аяқталуға таман Саддамның жақындарын о дүниеге аттандыру бұйрығын орындау барысында Америкалық Арнайы жасақ сарбаздары Шейх Нәууәф Зейданның тұрғылықты сарайына басып кіріпті. Біршама уақытқа созылған қырғыннан кейін -сарайда тірі атаулыдан бір- ақ адам қалып тісққақан сарбаздарға адам сенгісіз қарсылық көрсетеді. Ол әкесі Құсаймен ағасы Удейдің жансыз денелерінің қасында жан беріспей соғысқан Саддамның немересі Мұстафаның нақ өзі еді. Сол қырғынның басы қасында болған Америкалық сарбаздардың айтуынша жауынгерлер сарайға басып кірген кезде жас Мұстафа бұларға қарай автоматтан оқ жаудырған. Саны 400 ге жетіп артылатын жасаққа қиындық тудырған ол -снайперлік мылтықпен Америкалық жауынгерлердің сырттандары саналатын теңіз жаяу әскерінің 14 сарбазын о дүниеге тез ақ аттандырып біршамасын жаралаған екен. Саддамның немересімен болған қақтығыс аз кемі жоқ 6 сағатқа созылып, әупірімдеп ебін тапқан сарбаздар -жауының көзін жоя сала , бөлмеге кірген кезде жас баланың ғана мүрдесін көріп жағаларын ұстап таң қалған екен…

Аударған Бурахан.

Фото опубликовано Бурахан Даканов (@burahan_dakanov)

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

− 1 = 1

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару