Дүйсенбі, Қыркүйек 17, 2018
Негізгі > Абайтану > 22-дәріс. МӘҢГІЛІК АБАЙ

22-дәріс. МӘҢГІЛІК АБАЙ

Тақырып: 22-дәріс. МӘҢГІЛІК АБАЙ

Мақала мәтіні: <h3 style="text-align: center;"><em>(эпилог орнына)</em></h3>
Бұл фәни өмірде бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе де жоқ. Ет пен сүйектен жаралған пенденің ажалсызы кәне. «Өзекті жанға бір өлім» дейді халқымыз. Мәңгілік деген үміт шоғы әсте о дүниеге, рух әлеміне ғана қатысты. Санаткер Абай рух әлемінің білгірі, халықтың уақыт сынынан өткен рухани көсемі. Міне, «мәңгілік Абай» тіркесі осы мағынаға саяды.

«Адам рухы мәңгі ме, әлде мәңгі емес пе?» деген әлемдік сұрақтың шешіміне Абай күшті өлеңін жазады:

Табиғат өлсе өлер, адам өлмес,

Бірақ ол қайтып келіп, ойнап-күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айырылғанын,

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес (1895).

Адам өзі өлсе де, сөзі өлмес, кейінгі ұрпаққа сөзі, айтқан ойы қалады. Ойшылдың «адам өлмес» деуінің мәнісі осы. Әрине, «өлмейтұғын артқыға сөз қалдыру» көбіне ұлылардың сыбағасы. Әл-Фараби бабамыз: «Наданның емес, адал ниетті, шапағатты адамның жаны өлмейді» депті.  Бұл шындықты  Шәкерім:

 

Мен кетермін, сөз қалар,

Ақ қағазға басылып, -

деуімен құптай түседі.

Ағылшындар Шекспир, грузиндер Руставели, немістер Гете, француздар Бальзак, орыстар Толстойды айта отырып, бәлкім,  оған теңдес тағы бір дарын иесі туар демейді.  Бізге де «қазақта әлі талай Абай болар», «әр ғасырдың өз Абайы бар» деп аңдамай сөйлеуден арылу қажет-ау.  Өйткені, Абай қайталанбайды, оның тумағы «ғайыптан» (Көкбай) болған Тәңірінің ісі.

 

Анығы, қай данышпан хакім болмасын шыққан ең ақтық шыңына қарап бағасын алады. Хакім Абайдың шыңы - әулиелік. Онан биікте ештеңе де жоқ. Оған басты ғылыми дәлел -Абайдың төл трактаты (38-ші қарасөз).

Мемлекет тек ұлан-байтақ жері, кен байлығы я экономикасы қарқынды дамуымен «Мәңгілік Ел» бола алмайды. Алдымен рухыңды өсір, тіліңді түзе.  Абайша сүйіп, Абайша күйіп өмір сүруді үйрен. Конфуцийдің әр сөзін қытайлар қастерлеп, дұғадай қайталайды. Бізде Абай мұрасын дәл солай мейлінше мол пайдалануға не бөгет? Рухани өмірдің ұшар шыңына Абайды қоятын мезгіл жетті!

Абай рухының құдіреті – есімі жұмыр жер бетін жаулап ала бастады. Пекин, Мәскеу, Ташкент, Стамбол, Дели, Карачи, Киев, Тегеран, Будапешт сияқты әйдік қалалардың көшелеріне Абайдың есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді. Мұндай құрмет-ғиззат жаңағы Шекспир, Гете, Пушкин, Бальзактардың түсіне де кірмеген шығар. Егер Абай жаңалықтары   (якини иман, Құдай жолы, толық адам, үш сүю және т.б. ілім-танымдары) тұтас, толымды жеткізілсе, күллі әлем халықтары қазақ данасын басына көтерері хақ. Киелі мұра күллі ай асты әлемде салтанат құрары әлі-ақ.

Қорытынды түйін: егер мәңгілік ел боламыз десек, жаһандану айдынына шыққан «Қазақстан» атты кемеге рухани «компас» ұлы Абай екенін ұмытпайық, ағайын. Өзге халықтарға қазақты таныту һәм ғаламдық білім-ғылым кеңістігіне ену үдерісінде әлем ойының алыбы Абайды, оның тағлымын алып кіру қазаққа қарызды міндет.  Мектеп қабырғасында «Абайтану» пәні оқытыла бастауы соның алғашқы қадамы деп сенгіміз келеді.
<h2 style="text-align: center;"></h2>
<h2 style="text-align: center;"><strong>ҚАТЕЛЕР ТҮЗЕТІЛУІ КЕРЕК</strong></h2>
Абайды зерттеумен 20 жылдай айналысқанда көзім жеткен жағдай: үстел тартпасына сүңгіте салуды көтермейтін, тезірек түзетуді күткен ірі кемшіндер баршылық. Атап айтқанда:

Қара сөздерге бастапқы Мүрсейіт көшірмесіндегі реттік санын қайтару. Мүрсейіт көшірмелерін баспадан шығарып, көпшілікке қолжетімді қылу.

1909 жылғы Абайдың тұңғыш жинағын бүгінгі әріптерге көшіріп басу. Онсыз өлеңдердегі қателерден арыла алмаймыз.

«Ғақлиат-тасдиқат» (қысқаша «Тасдиқ») трактатын төл атауымен бөлек жариялау. Баспаға беруден бұрын мәтінде кеткен 40 тарта текстологиялық қателерді түзету.

«Тасдиқтың»  мазмұны мен жазылған мерзімі жайында ғылыми түсініктер беру.

Абай ақындығының басы – 1885 жыл. 1886 жылғы делініп жүрген өлеңдердің жарым-жартысын осы жылдікі.

«Адасып» жүрген өлеңдер мен аудармаларды бір ізге түсіру керек. Атап айтқанда, «Әуелде бір суыз мұз-ақыл зерек» 1889 жылғы емес, 1894 жылдікі. Крыловтың мысалдары 1898 жылы емес, 1894 жылы аударылған және т.с.с.

Абайдың төл өлеңдері мен аудармаларын М.Әуезов салған дәстүрге сәйкес бөлек жариялау.

«Жазылған жылы белгісіз» делінетін бір топ өлеңдердің мазмұны, қисыны бойынша орнын анықтап, әрбірін орналастыру.

Өкінішке қарай,  Абай мұрасына қатысты ізденістер (жаңа фактілермен толықтыру, қатені түзету, түсініктеме жазу т.б.) Мұхтар Әуезов қайтыс болған 1961 жылдан кейін бәсеңдеп, тоқырап қалды. Алдарыңыздағы кітаптың өн бойында айтылған, негізделген ондаған кемшін, олқылықтар да Абай жинақтарында әне-міне ескеріледі дегенге сене алмайтын шығармын. Өкінішті-ақ. Бірақ әрқашан бұлай бола бермес. Өйткені, Қытай, Ресей, Түркия сияқты қабырғалы қалың елдер Абай шығармаларын өз тілдеріне аударып, оқып-тоқи бастады. Демек, ерте ме, кеш пе, қателерді түзетудің, түптеп келгенде, Абай ілімін тірілтудің дәуірі келері сөзсіз. Оған ең алдымен қазақ ғалымдары иығын тосуға тиісті. Келешек ұрпаққа айтпақ аманатым да міне осы.

 
<h2 style="text-align: center;"><strong>ТҮЙІН СӨЗ</strong></h2>
Құрметті алаш жұрты! Міне, «Абай: ашылмай келген қырлары» атты кітап өздеріңізге жол тартты. Абай өмірбаянын бірінші рет Кәкітай 1905 жылы жазған, одан кейінгі дәуірде бұл саланы ұзақ зерттеген кісі - Мұхтар Әуезов. Мұхаңның ізімен бірқанша ғұмырнамалық еңбектер (Тәкен Әлімқұлов, Рамазан Тоқтаров, Қойшығара Салғарин, Дүкенбай Досжанов және т.б.) жазылды.

Біздің еңбекте айта қаларлық екі ерекшелік бар: біріншісі – ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық әлемі бірі біріне қамшының өріміндей кіріктіріле қарастырылды. Екіншісі – алғаш рет Абай эволюциясының саты-сатылары дәйектелді. Сол үшін Абай өмірін беске бөлдік. Осымен, «Келешекте Абай ойының, ізденулерінің... саты-сатыларын анықтап ескеретін боламыз» деген Мұхтар Әуезовтің өсиеті іске асты.

Абайды қытай тілінде сөйлеткен Ха Хуан Жан (Хабай) өзінің «Бар өмірімді Абайға арнадым» деген  мақаласында: «...Бір ауыз өлең аудару үшін таңды таңға ұрған кездерім болды. Кейде есі ауысқан адам секілді, қалам ұстап ұзақ отырып қалам. Кейде ат үстінде жүріп, Абайдың бір шумақ өлеңін жаттап, соған қытайша балама сөз табамын деп аттың басы қалай бұрылғанын білмей қаламын», - деп ағынан ақтарылады.

Хазіреті Хабай сияқты мен пақыр да барымды, білгенімді салдым ортаға. Республикалық «Абай» журналында қызмет істеген 15 жылда жиған-тергендерді, өзге де материалдарды екшеп, тексеріп әуреге түстім. Не үшін сонда?

Тап қазіргі кезеңде қазақтың қазақтығы қыл көпірде тұр. Осынау болу я болмау хәлінде тап Абай мұрасындай  қазақ елін рухани аштықтан, азып-тозудан сақтауға қабілетті күшті құрал қайсы? Ұлы Абай мейлінше мол насихатталса - кімге залал?

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ, өткен өмір қайтып келмек.

Басқан із, көрген қызық, артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек, -

дейді ақын-жүрек.  Иә, заман өзгермей тұра алмайды. Сол күндерде Абайдың халыққа жақындауы керек. Жақындайды да!  Бір сөзі көнерместен халқымен бірге салтанат құрып, жасай берері шүбәсіз.

Өз сөзім – өзімдікі. Бірақ, Абайды таныту деген сауапты шаруаға  тамшыдай болса да өз үлесімді қоса алсам, онда төккен терімдің зая кетпегені. Түйін: Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақтар бірі бірімен Абай, Мұхтар тілінде сөйлесіп, ақыл-санасына адамгершілік таным-түйсік ұяласын!  Жүрегі «елім, жұртым» деп соққан алаш азаматтары көп болғай! Әумин.

<strong><em>Асан Омаров, абайбанушы ғалым.</em></strong>

 

(эпилог орнына)

Бұл фәни өмірде бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе де жоқ. Ет пен сүйектен жаралған пенденің ажалсызы кәне. «Өзекті жанға бір өлім» дейді халқымыз. Мәңгілік деген үміт шоғы әсте о дүниеге, рух әлеміне ғана қатысты. Санаткер Абай рух әлемінің білгірі, халықтың уақыт сынынан өткен рухани көсемі. Міне, «мәңгілік Абай» тіркесі осы мағынаға саяды.

«Адам рухы мәңгі ме, әлде мәңгі емес пе?» деген әлемдік сұрақтың шешіміне Абай күшті өлеңін жазады:

Табиғат өлсе өлер, адам өлмес,

Бірақ ол қайтып келіп, ойнап-күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айырылғанын,

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес (1895).

Адам өзі өлсе де, сөзі өлмес, кейінгі ұрпаққа сөзі, айтқан ойы қалады. Ойшылдың «адам өлмес» деуінің мәнісі осы. Әрине, «өлмейтұғын артқыға сөз қалдыру» көбіне ұлылардың сыбағасы. Әл-Фараби бабамыз: «Наданның емес, адал ниетті, шапағатты адамның жаны өлмейді» депті.  Бұл шындықты  Шәкерім:

 

Мен кетермін, сөз қалар,

Ақ қағазға басылып, –

деуімен құптай түседі.

Ағылшындар Шекспир, грузиндер Руставели, немістер Гете, француздар Бальзак, орыстар Толстойды айта отырып, бәлкім,  оған теңдес тағы бір дарын иесі туар демейді.  Бізге де «қазақта әлі талай Абай болар», «әр ғасырдың өз Абайы бар» деп аңдамай сөйлеуден арылу қажет-ау.  Өйткені, Абай қайталанбайды, оның тумағы «ғайыптан» (Көкбай) болған Тәңірінің ісі.

 

Анығы, қай данышпан хакім болмасын шыққан ең ақтық шыңына қарап бағасын алады. Хакім Абайдың шыңы – әулиелік. Онан биікте ештеңе де жоқ. Оған басты ғылыми дәлел -Абайдың төл трактаты (38-ші қарасөз).

Мемлекет тек ұлан-байтақ жері, кен байлығы я экономикасы қарқынды дамуымен «Мәңгілік Ел» бола алмайды. Алдымен рухыңды өсір, тіліңді түзе.  Абайша сүйіп, Абайша күйіп өмір сүруді үйрен. Конфуцийдің әр сөзін қытайлар қастерлеп, дұғадай қайталайды. Бізде Абай мұрасын дәл солай мейлінше мол пайдалануға не бөгет? Рухани өмірдің ұшар шыңына Абайды қоятын мезгіл жетті!

Абай рухының құдіреті – есімі жұмыр жер бетін жаулап ала бастады. Пекин, Мәскеу, Ташкент, Стамбол, Дели, Карачи, Киев, Тегеран, Будапешт сияқты әйдік қалалардың көшелеріне Абайдың есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді. Мұндай құрмет-ғиззат жаңағы Шекспир, Гете, Пушкин, Бальзактардың түсіне де кірмеген шығар. Егер Абай жаңалықтары   (якини иман, Құдай жолы, толық адам, үш сүю және т.б. ілім-танымдары) тұтас, толымды жеткізілсе, күллі әлем халықтары қазақ данасын басына көтерері хақ. Киелі мұра күллі ай асты әлемде салтанат құрары әлі-ақ.

Қорытынды түйін: егер мәңгілік ел боламыз десек, жаһандану айдынына шыққан «Қазақстан» атты кемеге рухани «компас» ұлы Абай екенін ұмытпайық, ағайын. Өзге халықтарға қазақты таныту һәм ғаламдық білім-ғылым кеңістігіне ену үдерісінде әлем ойының алыбы Абайды, оның тағлымын алып кіру қазаққа қарызды міндет.  Мектеп қабырғасында «Абайтану» пәні оқытыла бастауы соның алғашқы қадамы деп сенгіміз келеді.

ҚАТЕЛЕР ТҮЗЕТІЛУІ КЕРЕК

Абайды зерттеумен 20 жылдай айналысқанда көзім жеткен жағдай: үстел тартпасына сүңгіте салуды көтермейтін, тезірек түзетуді күткен ірі кемшіндер баршылық. Атап айтқанда:

Қара сөздерге бастапқы Мүрсейіт көшірмесіндегі реттік санын қайтару. Мүрсейіт көшірмелерін баспадан шығарып, көпшілікке қолжетімді қылу.

1909 жылғы Абайдың тұңғыш жинағын бүгінгі әріптерге көшіріп басу. Онсыз өлеңдердегі қателерден арыла алмаймыз.

«Ғақлиат-тасдиқат» (қысқаша «Тасдиқ») трактатын төл атауымен бөлек жариялау. Баспаға беруден бұрын мәтінде кеткен 40 тарта текстологиялық қателерді түзету.

«Тасдиқтың»  мазмұны мен жазылған мерзімі жайында ғылыми түсініктер беру.

Абай ақындығының басы – 1885 жыл. 1886 жылғы делініп жүрген өлеңдердің жарым-жартысын осы жылдікі.

«Адасып» жүрген өлеңдер мен аудармаларды бір ізге түсіру керек. Атап айтқанда, «Әуелде бір суыз мұз-ақыл зерек» 1889 жылғы емес, 1894 жылдікі. Крыловтың мысалдары 1898 жылы емес, 1894 жылы аударылған және т.с.с.

Абайдың төл өлеңдері мен аудармаларын М.Әуезов салған дәстүрге сәйкес бөлек жариялау.

«Жазылған жылы белгісіз» делінетін бір топ өлеңдердің мазмұны, қисыны бойынша орнын анықтап, әрбірін орналастыру.

Өкінішке қарай,  Абай мұрасына қатысты ізденістер (жаңа фактілермен толықтыру, қатені түзету, түсініктеме жазу т.б.) Мұхтар Әуезов қайтыс болған 1961 жылдан кейін бәсеңдеп, тоқырап қалды. Алдарыңыздағы кітаптың өн бойында айтылған, негізделген ондаған кемшін, олқылықтар да Абай жинақтарында әне-міне ескеріледі дегенге сене алмайтын шығармын. Өкінішті-ақ. Бірақ әрқашан бұлай бола бермес. Өйткені, Қытай, Ресей, Түркия сияқты қабырғалы қалың елдер Абай шығармаларын өз тілдеріне аударып, оқып-тоқи бастады. Демек, ерте ме, кеш пе, қателерді түзетудің, түптеп келгенде, Абай ілімін тірілтудің дәуірі келері сөзсіз. Оған ең алдымен қазақ ғалымдары иығын тосуға тиісті. Келешек ұрпаққа айтпақ аманатым да міне осы.

 

ТҮЙІН СӨЗ

Құрметті алаш жұрты! Міне, «Абай: ашылмай келген қырлары» атты кітап өздеріңізге жол тартты. Абай өмірбаянын бірінші рет Кәкітай 1905 жылы жазған, одан кейінгі дәуірде бұл саланы ұзақ зерттеген кісі – Мұхтар Әуезов. Мұхаңның ізімен бірқанша ғұмырнамалық еңбектер (Тәкен Әлімқұлов, Рамазан Тоқтаров, Қойшығара Салғарин, Дүкенбай Досжанов және т.б.) жазылды.

Біздің еңбекте айта қаларлық екі ерекшелік бар: біріншісі – ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық әлемі бірі біріне қамшының өріміндей кіріктіріле қарастырылды. Екіншісі – алғаш рет Абай эволюциясының саты-сатылары дәйектелді. Сол үшін Абай өмірін беске бөлдік. Осымен, «Келешекте Абай ойының, ізденулерінің… саты-сатыларын анықтап ескеретін боламыз» деген Мұхтар Әуезовтің өсиеті іске асты.

Абайды қытай тілінде сөйлеткен Ха Хуан Жан (Хабай) өзінің «Бар өмірімді Абайға арнадым» деген  мақаласында: «…Бір ауыз өлең аудару үшін таңды таңға ұрған кездерім болды. Кейде есі ауысқан адам секілді, қалам ұстап ұзақ отырып қалам. Кейде ат үстінде жүріп, Абайдың бір шумақ өлеңін жаттап, соған қытайша балама сөз табамын деп аттың басы қалай бұрылғанын білмей қаламын», – деп ағынан ақтарылады.

Хазіреті Хабай сияқты мен пақыр да барымды, білгенімді салдым ортаға. Республикалық «Абай» журналында қызмет істеген 15 жылда жиған-тергендерді, өзге де материалдарды екшеп, тексеріп әуреге түстім. Не үшін сонда?

Тап қазіргі кезеңде қазақтың қазақтығы қыл көпірде тұр. Осынау болу я болмау хәлінде тап Абай мұрасындай  қазақ елін рухани аштықтан, азып-тозудан сақтауға қабілетті күшті құрал қайсы? Ұлы Абай мейлінше мол насихатталса – кімге залал?

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ, өткен өмір қайтып келмек.

Басқан із, көрген қызық, артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек, –

дейді ақын-жүрек.  Иә, заман өзгермей тұра алмайды. Сол күндерде Абайдың халыққа жақындауы керек. Жақындайды да!  Бір сөзі көнерместен халқымен бірге салтанат құрып, жасай берері шүбәсіз.

Өз сөзім – өзімдікі. Бірақ, Абайды таныту деген сауапты шаруаға  тамшыдай болса да өз үлесімді қоса алсам, онда төккен терімдің зая кетпегені. Түйін: Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақтар бірі бірімен Абай, Мұхтар тілінде сөйлесіп, ақыл-санасына адамгершілік таным-түйсік ұяласын!  Жүрегі «елім, жұртым» деп соққан алаш азаматтары көп болғай! Әумин.

Асан Омаров, абайбанушы ғалым.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation