Тақырып: ТОСЫН ТАПСЫРМА (түрме хикаяттары-1)
Мақала мәтіні: <strong><img class="aligncenter wp-image-4611 size-full" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/11/тосын-тапсырма.jpg" alt="tosyn-tapsyrma" width="800" height="526" /></strong>
1977 жыл. Сәуір айының соңғы күндері. Мен Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетінің 1-курсын тәмәмдауға бағытталған жазғы сессияға дайындалып жүрмін. СССР тарихы кафедрасында отыр едім, мені факультет деканы, доцент Городецкая Валентина Степановна кісі жібертіп шақыртты. Деканатқа кірсем, Валентина Степановна телефонмен біреуге менің аты жөнімді айтып жатыр екен. Трубканы қойды да, «Әлихан, сен қазір облыстық прокуратураға бар (<em>ол кезде прокуратура Калинин (қазіргі Дулатов)көшесі мен Комсомол(қазіргі Шәкәрім даңғылы) проспектісінің қиылысындағы ескі екі қабатты кірпіш ғимаратта орналасқан болатын</em>), - деді де кабинеттің нөмірін, прокуратура қызметкерінің аты-жөнін айтты. Мен тез таптым. Шынында да ол мені күтіп отыр екен. Таныстық. Орнынан тұрып:
- Облыстық прокуратураның аса маңызды істер аға тергеушісі Кенжебеков Бақытжан Қобайұлы - деді. (<em>Орайы келгенде айта кетейін Б.Қ.Кенжебеков кейін облыстық прокурордың бірінші орынбасарлығына дейін көтерілді. Өскемен қаласының прокуроры болып қызмет етті. Қызмет істеген жылдары Б.Қ.Кенжебеков менің есімде тек қана жақсы жағынан қалды. Прокуратура қызметкерлерінің басым көпшілігіне тән шектен шыққан дөрекілік, негізсіз әпербақандық Бақытжан Қобайұлының бойында мүлдем жоқ)</em>. Жігерлі, сауатты, өз ісінің білгір маманы екені білініп тұр. Үстелінің үстінде төрт томдық қылмыстық іс жатыр. Б.Қ.Кенжебеков сол кезде облыстың бір аудан жинақ кассасының бас есепшісін қылмыстық жауапқа тартып, іс жүргізіп жатыр екен. Іс тергеліп, бітуге таяп қалыпты. Істегі кейбір куәлардің жауабы қазақша берілген. Соны орысшаға аударып, тергеліп жатқан кісіге таныстыру менің міндетім. Алдын-ала ол жауаптар төрт томда қағаз қыстырылып белгіленіп қойыпты. Көп емес.
- Тергелетін кісі қайда?
- Түрмеде.
- !?
- Мен де сонда барамын ба?
- Иә. Мен дайынмын. Сізді ғана күтіп отырғанмын- деді де, - Б.Қ.Кенжебеков төрт томдық қылмыстық істі үлкен қоңыр портфельге салды. 15-20 минуттан кейін екі қабат ескі үлгіде салынған ғимаратқа жаяу келдік. Шарбақтары қара бояумен боялған. Екі есіктен кіріп, қуықтай тар дәлізде тұрмыз. Қарсы алдымда қаңылтырмен қапталған темір есік. Үлкен шыны терезенің ар жағында, кезекшілер бөлмесі-ау деймін, біреу телефонның трубкасын ұстап тұрып, маған көрінбейтін жаққа қарап, зірк-зірк етіп бірнәрселерді айтып жатыр. Тарс-тұрс. Сақыр-сұқыр етіліп, темір есік ашылды. Қарсы алдымда тағы темір есік. «Не деген бітпейтін есіктер?-деп ойлап қоямын». Екі темір есіктің арасында тұрмыз. Б.Кенжебеков алақандай тесіктен құжаттарын берді де, мені көрсетіп :
- Мына жігіт менімен бірге кіреді - деді.
Кезекші бөлмеде тұрған үш-төрт кісіге көзім түскенде байқағаным, қабақтары қатыңқы, түрлері суық, кісіге алақ-жұлақ етіп қарайтындай болып көрінді. Неге екенін білмеймін бәрі айқайлап сөйлейді екен. Бізге қарап «өтіңдер!» деп дүңк ете қалды. Екінші есік ашылып, ішіне кіргенде, тура үңгірге кіргендей болдым. Дәлізден солға бұрылып, көп кабинеттердің біреуіне кірдік. Тергеушілер, адвокаттар жұмыс жасайтын бөлмелер екен. Еденге қағылған үстөлді, орындықтарды сонда өмірімде бірінші рет көрдім. Үстөлдің үстінде тұрған телефонмен Бақытжан Қобайұлы: «алып келіңдер!»-деп кезекшіге тапсырма берді. Көп ұзамай кезекші кабинетке бір әйелді кіргізді. Орта бойлы, толықтау келген, иығына гүлді орамал жауып алған. Түрі украинкаға ұқсайды. Тергеушінің қарсы алдына отырды. Адамға көзінің астымен қарайды екен. Қойылған сұрақтардың бәріне асықпай жауап беріп отыр. Толқып, аптығып, әбіржіп отырған жоқ. Мен аударған жауаптардың бәрімен келісті. Б. Кенжебеков өте мұқият жазып отыр. Көп отырдық. Темір тормен қапталған, әйнектердің шынысы қоңыр бояумен сырланған терезеден күннің әлдеқашан батқаны белгілі болып тұр. Келген шаруамыз бітіп далаға шықтық, көзге түртсе көрінбейтін қап-қараңғы болып қалыпты. Есіктің алдында тұрып Б. Кенжебеков ауыр ойға шомып темекі тартты. Менің көргендерім маған ауыр әсер қалдырды. Өмірімде көрмеген түрме көріністері көз алдымнан кетпей мең-зең болып тұрмын. «Мына жерде жұмыс істеу қиын шығар, ә?» - дедім. «Адам баласын аямайтын жер бетіндегі дозақ осы» -деп кесіп айтты Бақытжан Қобайұлы. Қоштасып екеуміз екі жаққа кеттік.
«Ат баспаймын деген жерін екі рет басады» - деген рас екен. Мені тағдырым тура 12 жылдан кейін осы «дозақтың» қызметкері етіп алып келетінін мен білді дейсіз бе? Осы азап пен сергелдең, қасірет пен қайғы, мұң мен шер аралына үміт таситын қайықта ескекші болатынымды сезді дейсіз бе? Осы көлеңкелі қуысқа құмырсқадай жанталасып күн сәулесін тасумен күнімнің өтетінін мен білдім бе? Жоқ! Тағдырымның осы үлесін мен армандаған да емеспін. Ғасырлар ауысатын шаққа дөп келген шабандоз шағымды, ауыздығымен алысқан сәйгүлікті мәреге сүріндірмей жеткізген, бабтың да, бақтың да жарыса шабатын кезеңіне тұспа-тұс келтірген жаратқан неткен шебер еді!
<strong><em><img class="alignleft wp-image-4612 size-thumbnail" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/11/Сурет-290x290.jpg" alt="suret" width="290" height="290" /></em></strong>
<strong><em>Әли Хан Омарбеков,</em></strong>
<strong><em> отставкадағы ішкі қызмет полковнигі. </em></strong>
1977 жыл. Сәуір айының соңғы күндері. Мен Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетінің 1-курсын тәмәмдауға бағытталған жазғы сессияға дайындалып жүрмін. СССР тарихы кафедрасында отыр едім, мені факультет деканы, доцент Городецкая Валентина Степановна кісі жібертіп шақыртты. Деканатқа кірсем, Валентина Степановна телефонмен біреуге менің аты жөнімді айтып жатыр екен. Трубканы қойды да, «Әлихан, сен қазір облыстық прокуратураға бар (ол кезде прокуратура Калинин (қазіргі Дулатов)көшесі мен Комсомол(қазіргі Шәкәрім даңғылы) проспектісінің қиылысындағы ескі екі қабатты кірпіш ғимаратта орналасқан болатын), – деді де кабинеттің нөмірін, прокуратура қызметкерінің аты-жөнін айтты. Мен тез таптым. Шынында да ол мені күтіп отыр екен. Таныстық. Орнынан тұрып:
– Облыстық прокуратураның аса маңызды істер аға тергеушісі Кенжебеков Бақытжан Қобайұлы – деді. (Орайы келгенде айта кетейін Б.Қ.Кенжебеков кейін облыстық прокурордың бірінші орынбасарлығына дейін көтерілді. Өскемен қаласының прокуроры болып қызмет етті. Қызмет істеген жылдары Б.Қ.Кенжебеков менің есімде тек қана жақсы жағынан қалды. Прокуратура қызметкерлерінің басым көпшілігіне тән шектен шыққан дөрекілік, негізсіз әпербақандық Бақытжан Қобайұлының бойында мүлдем жоқ). Жігерлі, сауатты, өз ісінің білгір маманы екені білініп тұр. Үстелінің үстінде төрт томдық қылмыстық іс жатыр. Б.Қ.Кенжебеков сол кезде облыстың бір аудан жинақ кассасының бас есепшісін қылмыстық жауапқа тартып, іс жүргізіп жатыр екен. Іс тергеліп, бітуге таяп қалыпты. Істегі кейбір куәлардің жауабы қазақша берілген. Соны орысшаға аударып, тергеліп жатқан кісіге таныстыру менің міндетім. Алдын-ала ол жауаптар төрт томда қағаз қыстырылып белгіленіп қойыпты. Көп емес.
– Тергелетін кісі қайда?
– Түрмеде.
– !?
– Мен де сонда барамын ба?
– Иә. Мен дайынмын. Сізді ғана күтіп отырғанмын- деді де, – Б.Қ.Кенжебеков төрт томдық қылмыстық істі үлкен қоңыр портфельге салды. 15-20 минуттан кейін екі қабат ескі үлгіде салынған ғимаратқа жаяу келдік. Шарбақтары қара бояумен боялған. Екі есіктен кіріп, қуықтай тар дәлізде тұрмыз. Қарсы алдымда қаңылтырмен қапталған темір есік. Үлкен шыны терезенің ар жағында, кезекшілер бөлмесі-ау деймін, біреу телефонның трубкасын ұстап тұрып, маған көрінбейтін жаққа қарап, зірк-зірк етіп бірнәрселерді айтып жатыр. Тарс-тұрс. Сақыр-сұқыр етіліп, темір есік ашылды. Қарсы алдымда тағы темір есік. «Не деген бітпейтін есіктер?-деп ойлап қоямын». Екі темір есіктің арасында тұрмыз. Б.Кенжебеков алақандай тесіктен құжаттарын берді де, мені көрсетіп :
– Мына жігіт менімен бірге кіреді – деді.
Кезекші бөлмеде тұрған үш-төрт кісіге көзім түскенде байқағаным, қабақтары қатыңқы, түрлері суық, кісіге алақ-жұлақ етіп қарайтындай болып көрінді. Неге екенін білмеймін бәрі айқайлап сөйлейді екен. Бізге қарап «өтіңдер!» деп дүңк ете қалды. Екінші есік ашылып, ішіне кіргенде, тура үңгірге кіргендей болдым. Дәлізден солға бұрылып, көп кабинеттердің біреуіне кірдік. Тергеушілер, адвокаттар жұмыс жасайтын бөлмелер екен. Еденге қағылған үстөлді, орындықтарды сонда өмірімде бірінші рет көрдім. Үстөлдің үстінде тұрған телефонмен Бақытжан Қобайұлы: «алып келіңдер!»-деп кезекшіге тапсырма берді. Көп ұзамай кезекші кабинетке бір әйелді кіргізді. Орта бойлы, толықтау келген, иығына гүлді орамал жауып алған. Түрі украинкаға ұқсайды. Тергеушінің қарсы алдына отырды. Адамға көзінің астымен қарайды екен. Қойылған сұрақтардың бәріне асықпай жауап беріп отыр. Толқып, аптығып, әбіржіп отырған жоқ. Мен аударған жауаптардың бәрімен келісті. Б. Кенжебеков өте мұқият жазып отыр. Көп отырдық. Темір тормен қапталған, әйнектердің шынысы қоңыр бояумен сырланған терезеден күннің әлдеқашан батқаны белгілі болып тұр. Келген шаруамыз бітіп далаға шықтық, көзге түртсе көрінбейтін қап-қараңғы болып қалыпты. Есіктің алдында тұрып Б. Кенжебеков ауыр ойға шомып темекі тартты. Менің көргендерім маған ауыр әсер қалдырды. Өмірімде көрмеген түрме көріністері көз алдымнан кетпей мең-зең болып тұрмын. «Мына жерде жұмыс істеу қиын шығар, ә?» – дедім. «Адам баласын аямайтын жер бетіндегі дозақ осы» -деп кесіп айтты Бақытжан Қобайұлы. Қоштасып екеуміз екі жаққа кеттік.
«Ат баспаймын деген жерін екі рет басады» – деген рас екен. Мені тағдырым тура 12 жылдан кейін осы «дозақтың» қызметкері етіп алып келетінін мен білді дейсіз бе? Осы азап пен сергелдең, қасірет пен қайғы, мұң мен шер аралына үміт таситын қайықта ескекші болатынымды сезді дейсіз бе? Осы көлеңкелі қуысқа құмырсқадай жанталасып күн сәулесін тасумен күнімнің өтетінін мен білдім бе? Жоқ! Тағдырымның осы үлесін мен армандаған да емеспін. Ғасырлар ауысатын шаққа дөп келген шабандоз шағымды, ауыздығымен алысқан сәйгүлікті мәреге сүріндірмей жеткізген, бабтың да, бақтың да жарыса шабатын кезеңіне тұспа-тұс келтірген жаратқан неткен шебер еді!
Әли Хан Омарбеков,
отставкадағы ішкі қызмет полковнигі.