Тақырып: БҰҒАУ САЛЫНҒАН БҰЙРЫҚ (Түрме хикаяттары-4)
Мақала мәтіні:

«Ертіс өңірі» газетінде және басқа жергілікті басылым беттерінде «Приречное» агрофирмасының басшысы Мұхит Тұмабаев туралы мақалалар, өлең-арнаулар шығып тұрады. Сол материалдардың арқауы – Мұхиттың еңбекқорлығы, табандылығы және бүгінгі заман талабына сай білікті басшы екені болып келеді. Мұхиттың бойында жағымды қасиеттер көп. Соның бірегейі, оның ақжарқын ашықтығы және шын көңілмен көмектесетіні. Тергеу изоляторын басқарған 11 жылдың ішінде талай басшының алдына бардым. Әсірісе, 1993-1996 жылдары. Мен ең бірінші арқа сүйеп барған атқамінер осы М. Тұмабаев мырза болды. 90-жылдардағы экономикалық жағдайдың қандай болғаны баршаға аян. Одақ ыдырады, айырылмастай болған дос мемлекеттер бір-біріне ісі түспейтіндей болып, еншілерін алып, жат болып тарап кетті. Байланыстар үзілді, кәсіпорындар тоқтады. Бюджет жұқарды. Салық түспеген соң, қазынадағы ақша өнбеді, өспеді. Ол кімге, қайда жетсін. Мың жыртықтың қайсібіріне жамау болсын. Бүгінде соның бәрі көрген түстей. Бастан кешкен соң есте қалу заңды құбылыс қой. Жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатпен өмір кешетін мекемелер мен ұйымдар көрмегенін көрді. Бөлінбей жатқан жалғыз жалақы болса шыдайсың ғой. Ел арасы, қарызданып-қауғаланып, ағайынгершілік дегендей...
Тергеу изоляторы(түрме) республикалық бюдежеттен қаржыланатын мекеме. Қызметкерлердің жалақысы, ағымдағы және күрделі жөндеуге, тергеуде отырғандар мен сотталғандардың көрпе жастығына, тамағына, басқада қажеттілікке қаржы бюджеттен бөлінеді. Өзге табыс көзі жоқ. Міне осылардың бәріне бір теңге бөлінбей төрт-бес ай қаражатсыз қиналған күндер есіме түссе, сол кезде маған қол ұшын беріп, жеп отырған нанының жартысын берген жайсаң жігіттердің жақсылығын қалай ғана ұмытарсың! Қиындықтың қайсы бірін айтасың. Ет пен май былай тұрсын, төлемақысын уақтысында аудармадың деп құбырдың құлағын ұстағандар жауып тастап, қара суға зар қылды-ау, бәтшағарлар. Бір айға жететін тамақ қорын үнемдеудің адам естімеген тәсілдерін ойлап тауып, екі жарым-үш айға жеткіздік. Қара суға пісірген тамақта қандай дәм болсын. Түрмеде отыр деп, отырғандарға қара суды қайнатып бере бермейсің ғой. Адамға құры су қорек болмайды. Ол ашығып отырғандарды ызаландырады. Осыған жол бермеудің амалын қарастырдым. Бюджеттен қаражат түспегелі екі айдай болды. Жалпы «жоқ» жаман. «Жоқ» жаныңа батқанда ғана «бар»-ды қадірлейсің. Түрменің шаруашылық ауласына 30 бас емін-еркін сиятын шошқа қора салдым. Ата-бабамның аруағы кешірсін, осылай шошқа өсіруге бел будым. Қаланың дәл ортасына қора салып, шошқа бордақыланатынын біреу-міреу көрсетіп жазып жіберсе, ұятқа қалмайын деп, тазалық жағын қатты қадағаладым. Қораның ішінде шыбын-шіркей, сыртында иіс болмады. Келген кеткен талай тексерушілер жұмыртқадай аппақ ақ үйдің ішінде шошқа барын білмей кетті. Сол кезде осы «доңыздың» түрме торының аржағындағыларды аштан өлтірмей, көштен қалдырмайтыны хақ еді. «Жалпақ танау» күтімі жақсы болса тез өніп, жылдам өсетін жануар ғой. Мен алдыма сол жануарлардың етін сатып, көлденең пайда тауып, жағдайымды жақсартайын деген мақсат қойған жоқпын.
Бастықтармен келіспей(ешбір бастық рұқсат бермес еді) мекеменің қорғаны сыртында орналасқан уақытша бос тұрған екі ғимаратын кәсіпкерлікпен айналысып жүрген таныс жігітке жалға бердім. Екеуміз шарт жасап, жалақысын ақшамен емес, қоймен алатын болып келістік. Ол кезде мал арзан болатын. Ай –сайын 3-4 қой қораға келіп кіріп отырды. Бір жылға жетпей мұртын балта шаппайтын, мыңғырған малы бар, «шіріген» бай болып шыға келдім. Еттен тарыққан жоқпыз. Тамақтың сапасы айтарлықтай жақсарды. «Ет етке, сорпа бетке» -деп дайындалған тамақтан бір қасықта қалдырмай, ішіп алады отырғандар. Мына қызықты қараңыз. Пісірілген тамақтың дәмі жоқ, сапасыз кезінде қалған-құтқан жуынды көп болып, «жалпақ танаулар» мәз-мейрам болып жататын. Қазандағы ас дәмді болған соң көл-көсір жуынды күрт азайды. Күндердің күнінде 5-6 қап жем қалды. Шошқаларды қырып алу қаупі шынымен алаңдатты. Оған қосымша, жазда Ертістегі аралды аралап жүріп шапқан шөбіміз қаңтардың аяғында бітуге айналды. Шошқалар шыңғырып, қойлар маңырайтын уақыт сағат сайын жақындап келеді.
«Кімге барып, кімге жалынамын? Кімнен көмек сұраймын? Қайыршылықтан қашан құтылар екенмін?». Ойлана бергеннен түк шықпайды. Саған ешкім ешнәрсе әкеліп бермейді. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалайын деп, «Приречное» совхозына тарттым. Түсім суық, жүрісім суыт болсын деп, аяғыма етік, үстіме шинель киіп, беліме белбеу, иығыма портупей асынып, оң жамбасыма пистолетімді іліп алып, совхоз директорының қабылдау бөлмесінен бірақ шықтым. Хатшы әйел сескене маған қарады. Ол кезде совхоз кеңсесі кішігірім ескі, жұпыны ғимаратта орналасқан болатын. Есікте «директор» деген ғана жазу бар. Аты-жөні жазылмапты.
- Здравствуйте.
- Добрый день.
- Директор у себя?
- Да у себя. Но он занят. До одиннадцати просил не беспокоить.
- Вы доложите ему, пожалуйста, что ему на прием просится начальник областной тюрьмы майор Омарбеков.
- Извините, по какому вопросу.
- Вопрос серьезный. Хотел обсудить неотложные меры по сохранению поголовья овец и свиней в условиях суровой зимы. И они не терпят промедления. Еще раз прошу, доложите ему. До одиннадцати ждать, у меня нет времени.
Хатшы әйел директордың кабинетіне кіріп кетті. Бірінші есік жабылып, іштегі екінші есік ашық тұрғандықтан кабинеттен шыққан дауыс маған анық естіліп тұр.
- Начальник тюрьмы?
- Да. Он так представился, но форма военная. Весь вооруженный.
- Казах?
- Да, вроде казах.
- Каких овец и свиней?
- Не знаю.
- Странно. Пригласите.
Екі есікті жауып кабинетке кірдім. Маған таңдана қарап директор орнынан тұрды. Кабинет айтарлықтай салқын екен. Қысқы тонды иығына жауып алыпты. Мен өзімді таныстырып, әскери тәртіп бойынша «честь» бердім. «Мұхит Тұмабаев» -деп өте сабырлы да байсалды түрде маған орындық ұсынды. Столының үстіне қарасам, директор түрлі құжаттармен, мәліметтерді саралап, жұмыс жасап отыр екен. Көп сөзге барған жоқпын. Алдын ала дайындап алған хатымды алдына қойып, жағдайдың тоқ етерін айттым. «Біздің де халіміз оңып тұрған жоқ, ренжімеңіз көмектесе алмаймын, шөпте де, жем де өзімізге жетпей жатыр»-десе не дер едім. Демеді. Нағыз жігіт, адал азамат екен! Мәселемді кабинетінен шықпай шешіп берді. «Қайыр қылсаң, бүтін қыл»-деген мақал бар-деді Мұхит. Мен сізге көмек ретінде бөлінген жем мен шөпті жеткізіп берейін»-деді. Екі сағаттан кейін түрменің шаруашылық ауласына белі қайысып екі автокөлік кірді. Біреуіне жем тиелген, екіншісіне шөп артылған. «Ашаршылықта жеген нанның дәмі аузымнан әле кеткен жоқ»-дейтін еді жарықтық менің әкем. Мұхиттың осы жақсылығы, нар жігітке тән мәрттігі менің әрдайым есімде.
...1996 жылдың сәуір айының алғашқы күндерінде Мұхитқа тағы баруға тура келді. Алғаш барғанда қорадағы малға азық сұрап барып едім. Енді өзіме қорған мен қолдау іздеп бардым. Басыма бұлт үйірілген тұманды күндер еді ол...
1995 жылдың қыркүйек айында Ел Басының жарлығымен Ішкі істер министрлігі екіге бөлініп, прокуратураның құзырынан тергеу алынып, Мемлекеттік Тергеу Комитеті (МТК), (Государственный Следственный Комитет (ГСК), құрылды. Бұл жарлықтың дұрыс, бұрыстығына мен баға бере алмаймын. Бірақ, осы жарлықты дайындап, Президентке қол қойғызған «қайта құрушылардың» пиғылының шикі, асығыс болғанын уақыт көрсетті. Бұл шара қылмыс атаулымен күресудің деңгейін өсіріп, пәрменділігін күшейтеді деп болжанған болатын. Керісінше, олай болмады. ІІМ, МТК және Прокуратура құрылымдарының арасында тар аулаға таласқан көршілерге тән қырғиқабақтық, алауыздық етек алды. Бір теріні илеседе бірауызыдық болмады. «Екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өледінің» кері келді... Тергеу изоляторын қылмыстық-атқару жүйесінен бөліп алып, МТК-ға қосты. Өз басым дәл осы «қосылудан» көп қорлық көрдім. Түрме тынысынан хабары жоқтар ақыл үйретті. Бір үйір жылқыға бір түйені қосып баққанмен бірдей болды. Бәрі мал болғанымен жылқының, түйенің өмір сүру ортасы бөлек қой.
ҚР МТК-нің Семей облыстық басқармасына бастық болып Алматыдан полковник Нүкенов Маратқали Ордабайұлы келді(МТК жойылған соң бірнеше жоғарғы лауазымды басшы қызметтер атқарды. ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болды, ҚР Кеден комитетін басқарды. ҚР ІІМ-нің бір Комитетін басқарды, генерал-майор). Әділін айту керек М. Нүкенов өте іскер, өз ісін жақсы меңгерген білімді маман. Басшылық қызметке бейімделген, ұйымдастырушылық қабілеті жетілген басшы. Бірақ, М. Нүкеновтың бойында бір кертартпа кемшілік болды(оны бір алқалы жиында көзіне де айтқанмын). Қазақта «Қасқырды қанша асырасаңда далаға қарап ұлиды» деген ғажап мақал бар. Астары терең асыл сөздер ғой. Осы мақалды жан-жақты талдасаң бір тармағы менталитетке әкеледі. М. Нүкенов ғасырлар бойы жайсаңдық пен жомарттығын жоғалтпаған Семей өңірі халқына, билік басындағы беделді азаматтарға жуыспады. Сырттан және уақытша келгенін көрсетіп қызмет жасады. Жоғарыдағы қолдаушыларының мүйіздері қарағайдай екенін М.О. Нүкеновтың жүріс-тұрысы айқайлап айтып тұратын. Тек қана жақсы көрсеткішті талап етті. Өзгеге «сіздікі жөн екен» -деп айтса орнынан айырылып қалатындай болып тұрды. «Тек қана мен білемін» - болды М. Нүкеновтың қызмет бабындағы негізгі қағидасы. Осының заңды салдары-пікірі басқаға қас болды…
1996 жылдың нурыз айының соңғы күндерінде мені шұғыл шақырып алып «Биыл көкөністі сатып алмаймыз, қымбатқа түсіп жатыр. Жер ізде. Көкөністің барлық түрін көктемде өзің егіп, өсіріп, күзде өзің жинап аласың. Сатып алуға қаражат бөлмеймін. Жер мәселесін шешуге бір апта уақыт беремін. Жердің құжатын, қанша егіліп, қанша өнім жинайтыныңның алдын-ала есебін маған көрсетесің». Бұдан бұрында адамның ақылына симайтын бұйрықтар беріп, екеуміз шартта-шұрт болғанбыз. Себебі бұйрықты ауызша береді. Қағазға түсіріп, ресми құжат ретінде берсе тез көнесің ғой. Ауызша бұйрық іске аспаса кінәлі тек орындаушы болады. Сондықтан ондай бұйрық мансапқұмар бастықтың қатерлі құралы және арам айласы. Бастықтың бұйрығын орындамайтын мен тірегі күшті тентек емеспін ғой. Талай бұйрықтарын орындағанмын. Бірақ, сол орындаған бұйрықтардың нәтижесі М. Нүкеновке керек болмай қалған. Кім болсада «бүйректен сирақ» шығарғанмен келісе салатын әдет менде жоқ. «Жолдас полковник»-дегенім сол еді – «Сен тағыда менің бұйрығымды орындау екі талай демексің ғой. Орындамасаң орныңа орындайтындарды тағайындаймын. Уақытты жоғалтпа. Боссың!» - деді. Бұл маған соғылған соңғы қоңырау екенін түсіндім. Осы бұйрықты орындау шынында да мүмкін емес еді. «Тасқа тары еккізбекші» болды бастық. М. Нүкенов қолына күрек ұстап жер қазбай, етік киіп қора тазаламай қалада, асфальттың үстінде өскен жігіт қой. Егін егу еріккеннің ісі емес. Бұйрықты орындау үшін мен желмая мініп, жер шарын шарлаған Асанқайғы болмақшымын.
...Мен тағыда көкөніс өсірудің «королі» Мұхитқа бардым. Сырымды да, шынымды да айттым. Сол кездегі Мұхиттың айтқан сөздері әле есімде. «Вот дает! Еркіндігі жоқтарға егін еккізбекші. Бұл шаруа іске аспайды деп неге айтпайсың, бастығыңа» -деді қынжыла Мұхит. Екеуіміз тұйықтан шығудың жолдарын қарастырдық. Қулықтың жоспарын жасадық. Жоспар бойынша мен М. Нүкеновты «Приречное» совхозының кеңсесіне әкеліп, М. Тұмабаевпен көзбе-көз, бетпе-бет кездестіру болды.
М. Нүкеновке кірдім де «жер табылды. Облысқа әйгілі ауыл шаруашылық маманы, агрофирма директоры Тұмабаев сізбен жолығып ауызба-ауыз пікірлессем дейді. Сәуір айының төртінде сағат 11-де кеңсесінде күтеді»-дедім. Тез келісті. Әбден кең дәліздермен жүріп, кілем төселген көлемді кабинеттерге үйренген М. Нүкенов қарапайым ауыл кеңсесіне жатырқай кіріп бара жатып, маған тесіле қарағанда, көзінен «сен мені қайда әкелдің?» деген сұрақты оқыдым. Мұхит жылы қабылдады. М. Нүкенов дауласуға келген кісідей, қаққан қазықтай, сіресіп отыр. Әңгіме орыс тілінде болды, себебі М. Нүкенов қазақшаға өте шорқақ.
Қазақта «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген күшті мақал бар – деді Мұхит. Мына Омарбеков жолдас бірбеткей, «менікі дұрыс» деген адам екен. Көкөністі өзім егіп, өсіріп, өзім жинаймын дейді. Сол мақсатқа менен жер сұрайды. Көкөніс сатып алуға бюджеттен қаражат бөлінбей ме?-деп Омарбековтен сұрасам «бөлінеді» дейді. «Неге сол ақшаға сатып алмайсың?» десем «сол қаражатты үнемдеп, басқа салаға жұмсаймын» дейді. Бұл басшының сөзі емес, керісінше бассыздың уәжі(Мұхит «қатты кеткен жоқпын ба?» дегендей маған қарап қояды). 40 тонна картофель, 15 тонна капуста, 3 тонна сәбіз алу үшін үкімет жетіп артылатын ақша бөледі. Жолдас Омарбеков осы өнімді өзім өсіремін дейді. Жер өңдеу желіккеннің шаруасы емес. Жерді жырту үшін техника керек, оған жанармай қажет, тыңайтқыш табу керек, оны тасу керек. Біздің жердің бәрі суармалы. Ауа райы құбылмалы. Егін алқабына су бүркетін арнаулы қондырғылар керек. Оған Ертістен су жеткізу үшін құбыр тарту керек. Егін еккен адам таңның атысы, күннің батысы егін алқабында болу керек. Менің білуімше Омарбековтың мамандығы мұғалім, қол астында 70-80 қызметкер және мекемеде бір ғана жүк автокөлігі бар. Осы мүмкіншілік жарты тонна көкөніс алу үшін де жеткіліксіз. «Бастықтарың біле ме?» -деп сұрасам «біледі»- дейді. Сізді шақыртқан себебім, бірінші танысайын, екінші – түрме бастығының ұсынысының мүлдем қате екенін айтайын деп шақырып едім. Әрине, менікі кеңес беру. Омарбековті ойынан бас тартқызбасаңыз, ертең елге масқара боласыздар» -деді де, менен «мекемеге қажет көкөністі алуға орта есеппен бюджеттен қанша қаржы бөлінеді?» -деп сұрады. Мен айттым. Мұхит қарқылдап күлді де, «ал мынау сол қажет көкөністі өсіруге кететін шығынның біздің мамандардың жасаған алдын-ала есебі»-деп бір қағазды М. Нүкеневке берді. Қағазды көзімен сүзіп өтті де, қалтасына салып алды.
М. Тұмабаев бізді кеңсе алдында тұрған автокөлікке дейін шығарып салып тұрып маған «рожденный ползать, летать не может, товарищ подполковник!» - деп, иығымнан нұқып қалғанда, автокөліктің алдыңғы орындығына жалп етіп отыра кеттім. Сол сапардан соң «егін егу» тақырыбы қайта көтерілмеді. Мұхит осылай мені тақтан түсірмей алып қалды. Көп ұзамай М.Нүкенов ҚР МТК төрағасы генерал-полковник Ж. Тұяқбаевқа орынбасар болып қызметі өсті. Бірақ, ҚР МТК-ның жойылатынына санаулы күн қалғанын біз білген жоқпыз.
Р.S. Орайы келгенде айта кетейін. Қиын-қыстау уақытта маған талай жомарт жігіттер қол ұшын беріп, соқпағы мен тоқпағы көп нарық заманының белгісіз белестерінен сүрінбей-жығылмай өтуіме көмек жасады. Сол кездегі қала әкімі болған И. Қараханов, Семей цемент заводының директоры Глущенко А.В, шифер заводының басшысы С. Тәмбетов, силикат заводының директоры Адианов Б.Т, «Агропромстрой» тресінің директоры Губерман В., «Сәуле» ЖШС-тің директоры Т. Имангалиев, облыстық байланыс басқармасының бастығы Қ. Тортаев, арматура заводының директоры Пеньковой В.Я. жағдайымды айтып, хат жазып алдына «бие сұрап барғанымда, түйе берді» ғой абзал азаматтар. Қалай қабылдар екен деп алдарына барған кездегі айтқан сөздері осы күнге дейін есімде. И.Қараханов «градоначальник своими глазами должен видеть положение дел в тюрьме» деп келіп, ғасырлар бойы шешілмей келе жатқан мәселелерді шешіп беріп еді. А.В. Глущенко болса «от тюрьмы и от сумы не зарекайся» деп жарты вагон цемент берді. Ал С. Тәмбетов мырза «сөзіңіздің садағасы, қайда кетпей жатқан шифер» деп, 200 дана шиферді су тегін көмек ретінде қолыма «бәсіре құлындай» ұстатты. Алып барған хатымды оқып болды да Б.Т. Адианов мырза «все это правда?» деп сұрады. «Только правда. Ничего кроме правды» - дегенімде «я вам искренне сочувствую»-деп өтінішімді орындады. Т. Имангалиевпен студеттік жылдарды бір институтта өткізгенбіз. Хатымды оқым болды да «Әлихан, жағдайың қалай аянышты, жылағым келіп кетті ғой» деп, сұрағанымның бәрін берді. Қадыр Тортаев ақсақал, қарапайым, кең кісі еді ғой, жарықтық. Түрменің байланыс торабын күрделі жөндеуден өткізуге, байланыс құралдарын жаңартуға көп көмек жасады. В.Я. Пеньковой менмендігі жоқ, кішіпейіл адам екен. «Зачем тебе столько арматуры?»-деді. «Хочу небо заармировать»-дегенім сол еді «Черт возьми! Только теперь понял почему говорят «небо в клеточку»-деп ішек-сілесі қатып, күліп алды.
Қызық В. Губерманға барғанда болды. Хатты оқып «әрине, көмектесеміз»деп бұрыштама жазып, ұлты қазақ орынбасарын шақырып, үш күнде өтінішін орында деп менің көзімше бұйрық берді. Орынбасары мылжың, жайбасар адам екен. Алдына барсаң, түрін көріп түңілесің. Қысқасы, соңғы барғанымда, болмайтын болды деп, қонжиып отыр. Таңертең ерте В. Губерманға тағы бардым да, болған жағдайды айттым. Лездеме болайын деп, кабинетіне қызметкерлер жиналып жатыр екен. Тапсырмасын орындамаған орынбасары кіріп келді. «Не зря сокрушался великий Абай, когда говорил о казахах»-деді орынбасарына жақтырмай қарап –«он имел в ввиду, именно, таких как ты. Ты обязан был помочь этому парню. Когда поручал тебе это дело исполнить, я же в это вкладывал смысл. Видимо этот смысл был настолько глубоким для тебя, ты даже не понял. Он же просит не для себя и не у тебя лично. Что за безпринципный ты, человек» -деді ашына, сөздерін бөліп-бөліп айтып. Телефонмен аға диспетчерге өзі тапсырма берді. Бір сағаттан кейін өтінішім орындалды.

Әли -Хан Омарбеков,

отставкадағы ішкі қызмет полковнигі.

ТОСЫН ТАПСЫРМА (түрме хикаяттары-1)

ГЕНЕРАЛДЫҢ ҚЫСҚА БАТАСЫ (түрме хикаяаттары-2)

ҚАШҚЫНДАР (түрме хикаяаттары-3)

«Ертіс өңірі» газетінде және басқа жергілікті басылым беттерінде «Приречное» агрофирмасының басшысы Мұхит Тұмабаев туралы мақалалар, өлең-арнаулар шығып тұрады. Сол материалдардың арқауы – Мұхиттың еңбекқорлығы, табандылығы және бүгінгі заман талабына сай білікті басшы екені болып келеді. Мұхиттың бойында жағымды қасиеттер көп. Соның бірегейі, оның ақжарқын ашықтығы және шын көңілмен көмектесетіні. Тергеу изоляторын басқарған 11 жылдың ішінде талай басшының алдына бардым. Әсірісе, 1993-1996 жылдары. Мен ең бірінші арқа сүйеп барған атқамінер осы М. Тұмабаев мырза болды. 90-жылдардағы экономикалық жағдайдың қандай болғаны баршаға аян. Одақ ыдырады, айырылмастай болған дос мемлекеттер бір-біріне ісі түспейтіндей болып, еншілерін алып, жат болып тарап кетті. Байланыстар үзілді, кәсіпорындар тоқтады. Бюджет жұқарды. Салық түспеген соң, қазынадағы ақша өнбеді, өспеді. Ол кімге, қайда жетсін. Мың жыртықтың қайсібіріне жамау болсын. Бүгінде соның бәрі көрген түстей. Бастан кешкен соң есте қалу заңды құбылыс қой. Жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатпен өмір кешетін мекемелер мен ұйымдар көрмегенін көрді. Бөлінбей жатқан жалғыз жалақы болса шыдайсың ғой. Ел арасы, қарызданып-қауғаланып, ағайынгершілік дегендей…
Тергеу изоляторы(түрме) республикалық бюдежеттен қаржыланатын мекеме. Қызметкерлердің жалақысы, ағымдағы және күрделі жөндеуге, тергеуде отырғандар мен сотталғандардың көрпе жастығына, тамағына, басқада қажеттілікке қаржы бюджеттен бөлінеді. Өзге табыс көзі жоқ. Міне осылардың бәріне бір теңге бөлінбей төрт-бес ай қаражатсыз қиналған күндер есіме түссе, сол кезде маған қол ұшын беріп, жеп отырған нанының жартысын берген жайсаң жігіттердің жақсылығын қалай ғана ұмытарсың! Қиындықтың қайсы бірін айтасың. Ет пен май былай тұрсын, төлемақысын уақтысында аудармадың деп құбырдың құлағын ұстағандар жауып тастап, қара суға зар қылды-ау, бәтшағарлар. Бір айға жететін тамақ қорын үнемдеудің адам естімеген тәсілдерін ойлап тауып, екі жарым-үш айға жеткіздік. Қара суға пісірген тамақта қандай дәм болсын. Түрмеде отыр деп, отырғандарға қара суды қайнатып бере бермейсің ғой. Адамға құры су қорек болмайды. Ол ашығып отырғандарды ызаландырады. Осыған жол бермеудің амалын қарастырдым. Бюджеттен қаражат түспегелі екі айдай болды. Жалпы «жоқ» жаман. «Жоқ» жаныңа батқанда ғана «бар»-ды қадірлейсің. Түрменің шаруашылық ауласына 30 бас емін-еркін сиятын шошқа қора салдым. Ата-бабамның аруағы кешірсін, осылай шошқа өсіруге бел будым. Қаланың дәл ортасына қора салып, шошқа бордақыланатынын біреу-міреу көрсетіп жазып жіберсе, ұятқа қалмайын деп, тазалық жағын қатты қадағаладым. Қораның ішінде шыбын-шіркей, сыртында иіс болмады. Келген кеткен талай тексерушілер жұмыртқадай аппақ ақ үйдің ішінде шошқа барын білмей кетті. Сол кезде осы «доңыздың» түрме торының аржағындағыларды аштан өлтірмей, көштен қалдырмайтыны хақ еді. «Жалпақ танау» күтімі жақсы болса тез өніп, жылдам өсетін жануар ғой. Мен алдыма сол жануарлардың етін сатып, көлденең пайда тауып, жағдайымды жақсартайын деген мақсат қойған жоқпын.
Бастықтармен келіспей(ешбір бастық рұқсат бермес еді) мекеменің қорғаны сыртында орналасқан уақытша бос тұрған екі ғимаратын кәсіпкерлікпен айналысып жүрген таныс жігітке жалға бердім. Екеуміз шарт жасап, жалақысын ақшамен емес, қоймен алатын болып келістік. Ол кезде мал арзан болатын. Ай –сайын 3-4 қой қораға келіп кіріп отырды. Бір жылға жетпей мұртын балта шаппайтын, мыңғырған малы бар, «шіріген» бай болып шыға келдім. Еттен тарыққан жоқпыз. Тамақтың сапасы айтарлықтай жақсарды. «Ет етке, сорпа бетке» -деп дайындалған тамақтан бір қасықта қалдырмай, ішіп алады отырғандар. Мына қызықты қараңыз. Пісірілген тамақтың дәмі жоқ, сапасыз кезінде қалған-құтқан жуынды көп болып, «жалпақ танаулар» мәз-мейрам болып жататын. Қазандағы ас дәмді болған соң көл-көсір жуынды күрт азайды. Күндердің күнінде 5-6 қап жем қалды. Шошқаларды қырып алу қаупі шынымен алаңдатты. Оған қосымша, жазда Ертістегі аралды аралап жүріп шапқан шөбіміз қаңтардың аяғында бітуге айналды. Шошқалар шыңғырып, қойлар маңырайтын уақыт сағат сайын жақындап келеді.
«Кімге барып, кімге жалынамын? Кімнен көмек сұраймын? Қайыршылықтан қашан құтылар екенмін?». Ойлана бергеннен түк шықпайды. Саған ешкім ешнәрсе әкеліп бермейді. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалайын деп, «Приречное» совхозына тарттым. Түсім суық, жүрісім суыт болсын деп, аяғыма етік, үстіме шинель киіп, беліме белбеу, иығыма портупей асынып, оң жамбасыма пистолетімді іліп алып, совхоз директорының қабылдау бөлмесінен бірақ шықтым. Хатшы әйел сескене маған қарады. Ол кезде совхоз кеңсесі кішігірім ескі, жұпыны ғимаратта орналасқан болатын. Есікте «директор» деген ғана жазу бар. Аты-жөні жазылмапты.
– Здравствуйте.
– Добрый день.
– Директор у себя?
– Да у себя. Но он занят. До одиннадцати просил не беспокоить.
– Вы доложите ему, пожалуйста, что ему на прием просится начальник областной тюрьмы майор Омарбеков.
– Извините, по какому вопросу.
– Вопрос серьезный. Хотел обсудить неотложные меры по сохранению поголовья овец и свиней в условиях суровой зимы. И они не терпят промедления. Еще раз прошу, доложите ему. До одиннадцати ждать, у меня нет времени.
Хатшы әйел директордың кабинетіне кіріп кетті. Бірінші есік жабылып, іштегі екінші есік ашық тұрғандықтан кабинеттен шыққан дауыс маған анық естіліп тұр.
– Начальник тюрьмы?
– Да. Он так представился, но форма военная. Весь вооруженный.
– Казах?
– Да, вроде казах.
– Каких овец и свиней?
– Не знаю.
– Странно. Пригласите.
Екі есікті жауып кабинетке кірдім. Маған таңдана қарап директор орнынан тұрды. Кабинет айтарлықтай салқын екен. Қысқы тонды иығына жауып алыпты. Мен өзімді таныстырып, әскери тәртіп бойынша «честь» бердім. «Мұхит Тұмабаев» -деп өте сабырлы да байсалды түрде маған орындық ұсынды. Столының үстіне қарасам, директор түрлі құжаттармен, мәліметтерді саралап, жұмыс жасап отыр екен. Көп сөзге барған жоқпын. Алдын ала дайындап алған хатымды алдына қойып, жағдайдың тоқ етерін айттым. «Біздің де халіміз оңып тұрған жоқ, ренжімеңіз көмектесе алмаймын, шөпте де, жем де өзімізге жетпей жатыр»-десе не дер едім. Демеді. Нағыз жігіт, адал азамат екен! Мәселемді кабинетінен шықпай шешіп берді. «Қайыр қылсаң, бүтін қыл»-деген мақал бар-деді Мұхит. Мен сізге көмек ретінде бөлінген жем мен шөпті жеткізіп берейін»-деді. Екі сағаттан кейін түрменің шаруашылық ауласына белі қайысып екі автокөлік кірді. Біреуіне жем тиелген, екіншісіне шөп артылған. «Ашаршылықта жеген нанның дәмі аузымнан әле кеткен жоқ»-дейтін еді жарықтық менің әкем. Мұхиттың осы жақсылығы, нар жігітке тән мәрттігі менің әрдайым есімде.
…1996 жылдың сәуір айының алғашқы күндерінде Мұхитқа тағы баруға тура келді. Алғаш барғанда қорадағы малға азық сұрап барып едім. Енді өзіме қорған мен қолдау іздеп бардым. Басыма бұлт үйірілген тұманды күндер еді ол…
1995 жылдың қыркүйек айында Ел Басының жарлығымен Ішкі істер министрлігі екіге бөлініп, прокуратураның құзырынан тергеу алынып, Мемлекеттік Тергеу Комитеті (МТК), (Государственный Следственный Комитет (ГСК), құрылды. Бұл жарлықтың дұрыс, бұрыстығына мен баға бере алмаймын. Бірақ, осы жарлықты дайындап, Президентке қол қойғызған «қайта құрушылардың» пиғылының шикі, асығыс болғанын уақыт көрсетті. Бұл шара қылмыс атаулымен күресудің деңгейін өсіріп, пәрменділігін күшейтеді деп болжанған болатын. Керісінше, олай болмады. ІІМ, МТК және Прокуратура құрылымдарының арасында тар аулаға таласқан көршілерге тән қырғиқабақтық, алауыздық етек алды. Бір теріні илеседе бірауызыдық болмады. «Екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өледінің» кері келді… Тергеу изоляторын қылмыстық-атқару жүйесінен бөліп алып, МТК-ға қосты. Өз басым дәл осы «қосылудан» көп қорлық көрдім. Түрме тынысынан хабары жоқтар ақыл үйретті. Бір үйір жылқыға бір түйені қосып баққанмен бірдей болды. Бәрі мал болғанымен жылқының, түйенің өмір сүру ортасы бөлек қой.
ҚР МТК-нің Семей облыстық басқармасына бастық болып Алматыдан полковник Нүкенов Маратқали Ордабайұлы келді(МТК жойылған соң бірнеше жоғарғы лауазымды басшы қызметтер атқарды. ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болды, ҚР Кеден комитетін басқарды. ҚР ІІМ-нің бір Комитетін басқарды, генерал-майор). Әділін айту керек М. Нүкенов өте іскер, өз ісін жақсы меңгерген білімді маман. Басшылық қызметке бейімделген, ұйымдастырушылық қабілеті жетілген басшы. Бірақ, М. Нүкеновтың бойында бір кертартпа кемшілік болды(оны бір алқалы жиында көзіне де айтқанмын). Қазақта «Қасқырды қанша асырасаңда далаға қарап ұлиды» деген ғажап мақал бар. Астары терең асыл сөздер ғой. Осы мақалды жан-жақты талдасаң бір тармағы менталитетке әкеледі. М. Нүкенов ғасырлар бойы жайсаңдық пен жомарттығын жоғалтпаған Семей өңірі халқына, билік басындағы беделді азаматтарға жуыспады. Сырттан және уақытша келгенін көрсетіп қызмет жасады. Жоғарыдағы қолдаушыларының мүйіздері қарағайдай екенін М.О. Нүкеновтың жүріс-тұрысы айқайлап айтып тұратын. Тек қана жақсы көрсеткішті талап етті. Өзгеге «сіздікі жөн екен» -деп айтса орнынан айырылып қалатындай болып тұрды. «Тек қана мен білемін» – болды М. Нүкеновтың қызмет бабындағы негізгі қағидасы. Осының заңды салдары-пікірі басқаға қас болды…
1996 жылдың нурыз айының соңғы күндерінде мені шұғыл шақырып алып «Биыл көкөністі сатып алмаймыз, қымбатқа түсіп жатыр. Жер ізде. Көкөністің барлық түрін көктемде өзің егіп, өсіріп, күзде өзің жинап аласың. Сатып алуға қаражат бөлмеймін. Жер мәселесін шешуге бір апта уақыт беремін. Жердің құжатын, қанша егіліп, қанша өнім жинайтыныңның алдын-ала есебін маған көрсетесің». Бұдан бұрында адамның ақылына симайтын бұйрықтар беріп, екеуміз шартта-шұрт болғанбыз. Себебі бұйрықты ауызша береді. Қағазға түсіріп, ресми құжат ретінде берсе тез көнесің ғой. Ауызша бұйрық іске аспаса кінәлі тек орындаушы болады. Сондықтан ондай бұйрық мансапқұмар бастықтың қатерлі құралы және арам айласы. Бастықтың бұйрығын орындамайтын мен тірегі күшті тентек емеспін ғой. Талай бұйрықтарын орындағанмын. Бірақ, сол орындаған бұйрықтардың нәтижесі М. Нүкеновке керек болмай қалған. Кім болсада «бүйректен сирақ» шығарғанмен келісе салатын әдет менде жоқ. «Жолдас полковник»-дегенім сол еді – «Сен тағыда менің бұйрығымды орындау екі талай демексің ғой. Орындамасаң орныңа орындайтындарды тағайындаймын. Уақытты жоғалтпа. Боссың!» – деді. Бұл маған соғылған соңғы қоңырау екенін түсіндім. Осы бұйрықты орындау шынында да мүмкін емес еді. «Тасқа тары еккізбекші» болды бастық. М. Нүкенов қолына күрек ұстап жер қазбай, етік киіп қора тазаламай қалада, асфальттың үстінде өскен жігіт қой. Егін егу еріккеннің ісі емес. Бұйрықты орындау үшін мен желмая мініп, жер шарын шарлаған Асанқайғы болмақшымын.
…Мен тағыда көкөніс өсірудің «королі» Мұхитқа бардым. Сырымды да, шынымды да айттым. Сол кездегі Мұхиттың айтқан сөздері әле есімде. «Вот дает! Еркіндігі жоқтарға егін еккізбекші. Бұл шаруа іске аспайды деп неге айтпайсың, бастығыңа» -деді қынжыла Мұхит. Екеуіміз тұйықтан шығудың жолдарын қарастырдық. Қулықтың жоспарын жасадық. Жоспар бойынша мен М. Нүкеновты «Приречное» совхозының кеңсесіне әкеліп, М. Тұмабаевпен көзбе-көз, бетпе-бет кездестіру болды.
М. Нүкеновке кірдім де «жер табылды. Облысқа әйгілі ауыл шаруашылық маманы, агрофирма директоры Тұмабаев сізбен жолығып ауызба-ауыз пікірлессем дейді. Сәуір айының төртінде сағат 11-де кеңсесінде күтеді»-дедім. Тез келісті. Әбден кең дәліздермен жүріп, кілем төселген көлемді кабинеттерге үйренген М. Нүкенов қарапайым ауыл кеңсесіне жатырқай кіріп бара жатып, маған тесіле қарағанда, көзінен «сен мені қайда әкелдің?» деген сұрақты оқыдым. Мұхит жылы қабылдады. М. Нүкенов дауласуға келген кісідей, қаққан қазықтай, сіресіп отыр. Әңгіме орыс тілінде болды, себебі М. Нүкенов қазақшаға өте шорқақ.
Қазақта «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген күшті мақал бар – деді Мұхит. Мына Омарбеков жолдас бірбеткей, «менікі дұрыс» деген адам екен. Көкөністі өзім егіп, өсіріп, өзім жинаймын дейді. Сол мақсатқа менен жер сұрайды. Көкөніс сатып алуға бюджеттен қаражат бөлінбей ме?-деп Омарбековтен сұрасам «бөлінеді» дейді. «Неге сол ақшаға сатып алмайсың?» десем «сол қаражатты үнемдеп, басқа салаға жұмсаймын» дейді. Бұл басшының сөзі емес, керісінше бассыздың уәжі(Мұхит «қатты кеткен жоқпын ба?» дегендей маған қарап қояды). 40 тонна картофель, 15 тонна капуста, 3 тонна сәбіз алу үшін үкімет жетіп артылатын ақша бөледі. Жолдас Омарбеков осы өнімді өзім өсіремін дейді. Жер өңдеу желіккеннің шаруасы емес. Жерді жырту үшін техника керек, оған жанармай қажет, тыңайтқыш табу керек, оны тасу керек. Біздің жердің бәрі суармалы. Ауа райы құбылмалы. Егін алқабына су бүркетін арнаулы қондырғылар керек. Оған Ертістен су жеткізу үшін құбыр тарту керек. Егін еккен адам таңның атысы, күннің батысы егін алқабында болу керек. Менің білуімше Омарбековтың мамандығы мұғалім, қол астында 70-80 қызметкер және мекемеде бір ғана жүк автокөлігі бар. Осы мүмкіншілік жарты тонна көкөніс алу үшін де жеткіліксіз. «Бастықтарың біле ме?» -деп сұрасам «біледі»- дейді. Сізді шақыртқан себебім, бірінші танысайын, екінші – түрме бастығының ұсынысының мүлдем қате екенін айтайын деп шақырып едім. Әрине, менікі кеңес беру. Омарбековті ойынан бас тартқызбасаңыз, ертең елге масқара боласыздар» -деді де, менен «мекемеге қажет көкөністі алуға орта есеппен бюджеттен қанша қаржы бөлінеді?» -деп сұрады. Мен айттым. Мұхит қарқылдап күлді де, «ал мынау сол қажет көкөністі өсіруге кететін шығынның біздің мамандардың жасаған алдын-ала есебі»-деп бір қағазды М. Нүкеневке берді. Қағазды көзімен сүзіп өтті де, қалтасына салып алды.
М. Тұмабаев бізді кеңсе алдында тұрған автокөлікке дейін шығарып салып тұрып маған «рожденный ползать, летать не может, товарищ подполковник!» – деп, иығымнан нұқып қалғанда, автокөліктің алдыңғы орындығына жалп етіп отыра кеттім. Сол сапардан соң «егін егу» тақырыбы қайта көтерілмеді. Мұхит осылай мені тақтан түсірмей алып қалды. Көп ұзамай М.Нүкенов ҚР МТК төрағасы генерал-полковник Ж. Тұяқбаевқа орынбасар болып қызметі өсті. Бірақ, ҚР МТК-ның жойылатынына санаулы күн қалғанын біз білген жоқпыз.
Р.S. Орайы келгенде айта кетейін. Қиын-қыстау уақытта маған талай жомарт жігіттер қол ұшын беріп, соқпағы мен тоқпағы көп нарық заманының белгісіз белестерінен сүрінбей-жығылмай өтуіме көмек жасады. Сол кездегі қала әкімі болған И. Қараханов, Семей цемент заводының директоры Глущенко А.В, шифер заводының басшысы С. Тәмбетов, силикат заводының директоры Адианов Б.Т, «Агропромстрой» тресінің директоры Губерман В., «Сәуле» ЖШС-тің директоры Т. Имангалиев, облыстық байланыс басқармасының бастығы Қ. Тортаев, арматура заводының директоры Пеньковой В.Я. жағдайымды айтып, хат жазып алдына «бие сұрап барғанымда, түйе берді» ғой абзал азаматтар. Қалай қабылдар екен деп алдарына барған кездегі айтқан сөздері осы күнге дейін есімде. И.Қараханов «градоначальник своими глазами должен видеть положение дел в тюрьме» деп келіп, ғасырлар бойы шешілмей келе жатқан мәселелерді шешіп беріп еді. А.В. Глущенко болса «от тюрьмы и от сумы не зарекайся» деп жарты вагон цемент берді. Ал С. Тәмбетов мырза «сөзіңіздің садағасы, қайда кетпей жатқан шифер» деп, 200 дана шиферді су тегін көмек ретінде қолыма «бәсіре құлындай» ұстатты. Алып барған хатымды оқып болды да Б.Т. Адианов мырза «все это правда?» деп сұрады. «Только правда. Ничего кроме правды» – дегенімде «я вам искренне сочувствую»-деп өтінішімді орындады. Т. Имангалиевпен студеттік жылдарды бір институтта өткізгенбіз. Хатымды оқым болды да «Әлихан, жағдайың қалай аянышты, жылағым келіп кетті ғой» деп, сұрағанымның бәрін берді. Қадыр Тортаев ақсақал, қарапайым, кең кісі еді ғой, жарықтық. Түрменің байланыс торабын күрделі жөндеуден өткізуге, байланыс құралдарын жаңартуға көп көмек жасады. В.Я. Пеньковой менмендігі жоқ, кішіпейіл адам екен. «Зачем тебе столько арматуры?»-деді. «Хочу небо заармировать»-дегенім сол еді «Черт возьми! Только теперь понял почему говорят «небо в клеточку»-деп ішек-сілесі қатып, күліп алды.