Жұма, Тамыз 3, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Періште жебеген пенделер…(қызықты деректер)

Періште жебеген пенделер…(қызықты деректер)

Ежелгі грек аңыздары тылсым құпиясымен бугінге жетті. «Ахиллестің өкшесі» іспетті өлмейтін кейіпкерлер бүгінгі заманда бар ма? Жок-ау, сірә!..

img0.etsystatic.com/Ахиллестің мүсіні

Ахиллестің ең жанды жері – оның өкшесі. Ол өкшеге тиген садақтың оғынан өлді. Бірақ бұл оқиға – аңыз. Аңыз болғандықтан да шығар – құпия сырын ішке бүккені. Қарумен атсаң қасқайып тұра беретіндер бар ма, қазір. Жоқ деп айту оңай, алайда бағзы заманнан жеткен түрлі оқиғаларға көз жүгіртсек, адамзатты жебеп тұратын жоғарыда бір тылсым күш бары ақиқат.

1856 жылы Испаниямен арадағы соғыстан кейін Вильгельм ханзада тұтқынға түскен испан сарбазын атуға бұйырады. Ағашқа оның денесін байлап қойып қанша атса да, ол өлген жоқ. Неге? Мұның сыры кейін мәлім болды, сарбаз- дың киімін шешіп қарағанда, оның мойнында жалпақ бойтұмар салбырап тұрған. Бүкіл атылған оқ соған тиіп, ары қарай өтпеген. Бұған ызаланған ханзада сарбаздың киімін шешіп, атуға бұйырғанда, «батыр – бір оқтық» болып шығады.

ic.pics.livejournal.com/Карл XII

Өмірде жұртты таңғалдырар мұндай оқиғалар өте көп. Мысалы, швед патшасы Карл ХІІ-ге қатысты аңыз-әфсана жетерлік. Үнді сиқыршысы патшаны желеп-жебеп жүрген. Канша қастандық жасалса да, Карл XII аман қала берген, кейін  оның өлімі өзіне тиесілі заттан ғана болатыны анықталған. 1718 жылдың 30 қарашасында Карл XII мергеннің атқан оғынан қайтыс болды. Тексере келгенде, денесіне тиген оқ оның мундирінің металл түймесінен жасалғаны белгілі болды. Сарапшылардың айтуына қарағанда, бұл оқ пен оның шинелінің түймелері қазір Варберг қаласындағы мұражайда сақталып тұрған көрінеді.

Расында, кейбір әфсана тарихта мұндай тұлғалардың болғанын жоққа шығармайды. Үндістан мен Орталық Африканың бірқатар тайпаларының оқ өтпейтін көсемдері болған. Ағылшын саяхатшысы Леинг өзінің «Таман, Куран- кос және Сулимас жеріне саяхат» атты жолсапар кітабында Сулимас тайпасының көсемі Дайлибке қатарда тұрған сарбаздар қанша оқ атса да, оның өлмегені туралы жазған. Шындығында, ол кім? Мұның себебі неде? Сөйтсе, оның құпиясы Жаратқан берген құпия тылсым күште жатқан көрінеді.

Әрине, қазақ әфсаналарында да суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын кейіпкерлер болған. Ұшқыш кілемдер, Көлтаусар мен Таусоғарлар және Желаяқтар өмірде болмауы да мүмкін. Бірақ адамзат армандаған ойға бүгінде техника мен технологияның арқасында жеткен жоқпыз ба? Солай-ақ делік. Алайда пышақтың қырына денесімен жатып, ұшы жоғары қаратылған жүз шегенің үстімен жалаңаяқ жүгіріп өтетін тылсым күш иелері қазақта баршылық. Көзіміз көріп те жүр. Бірақ «батыр да бір оқтық» қой. Бұл мәтелге мойын қанша бұрсақ та, осы кезге дейін жалғыз өзі АҚШ-тың басты жауына айналған Фидель Кастро неге тірі жүр? Саясаттың маңайындағылардың айтуына карағанда, сол Кастроға 637 рет қастандық жасалған. Оны құралайды көзге атқан мергендер нысанаға алды, автокөлігіне мина қойылды, тамағына, шегетін темекісіне у қосып берді, бәрінен де аман қалды. Тіпті оның өліміне кезінде АҚШ- тың Орталық барлау қызметі 2 миллион доллар ақша тіксе де ол аман жүр. Неге? Кубалықтардың айтуына қарағанда, оның оққағар періштесі бар. Атақты Африка сиқыршысы оған үлкен бойтұмар сыйлаған. Оның ішінде кепкен қан мен ұнтақталған, кептірілген адамның қызыл тілі бар деседі. Енді мұның қаншалықты ақиқатқа сай екендігі белгісіз, бірақ 637 рет қастандық жасалған Кастроның осы күнге дейін өлмей тірі келе жатқаны шындығында шынайы дерек. Дұрысы, кубалықтар айтатындай, Жаратқан иеміздің Кастроға көзі түскен. Сондықтан да шығар, «Бостандық аралында» кызыл социализмнің туын жалғыз өзі әлі күнге дейін жықпай, желбіретіп келе жатқаны.

Мылтықтың қарауылындағы оқтан аман қалып, ең ұзақ жасайтын тұлғалар әлемде жетерлік. Сол оқиғаның бірі – АҚШ президенті Джеральду Фордқа қатысты. 1975 жылдың 5 қыркүйек күні Чарльз Мэнсон бандасының бір мүшесі Линетт Фромм оны жақын жерден атпақшы болған. Алайда мылтық мүлт кетіп, пистолеттен оқ шықпай қалды. 16 күннен кейін 21 қыркүйек күні «Сара Джейн Мур» солшыл қозғалысының бір мүшесі президент Фордқа таяқ тастам жердегі көптің арасынан оқ атқан. Мұны байқап калған полицейлердің бірі әлгі қылмыскерді итеріп жіберген. Оқ қиыс кетіп, Президенттің ар жағында кол шапалақтап, қошемет көрсетіп тұрған адам ауыр жарақат алған. Өмірінде екі қастандықтан аман қалған Джеральду Форд ұзақ жасап, 93 жасында өмірден өтті.

Бұл енді айналасында оққағарлары толып жүретін АҚШ президентіне қатысты оқиға ғой, бірақ өмірде өз тағдырымен ойнайтын адамдар да баршылық. Өткен тарих мына бір оқиғаны адамзатқа сабақ боларлықтай етіп жасаған секілді. 1894 жылдың 7 ақпанында АҚШ-тың Колумбия шаһарында Уилл Первис атты жас жігіт өлім жазасына кесіледі. Оны дарға аспақ болғанда, Уилл «Мен барлығын да өлтіріп барып, өмірден өтемін» деп айқай салыпты. Оның мойнына арқан салынғанда, тартылып бара жатқан жіп аяқ астынан үзіліп кетіп, аман калыпты. Халык жас жігітті аяп, өлімнен арашалап алғанға ұқсайды. Сөйтіп, халықтың ықыласынан кейін өлім жазасын орындау 1895 жылдың 2 желтоқсанына калдырылған. Бірақ жазаны орындау мерзімі жақындағанда, ол түрмеден қашып кеткен. 1898 жылы ол өмір бойы жазасын өтеу мерзіміне ауыстырылады, алайда халықтың наразылығынан кейін «кінәсіз» деп танылып, бостандыққа жіберіледі. Дегенмен шындығында, «аққа – Құдай жақ». Ақырында Уилл Первис қылмыскер болмай шығады. 1917 жылы Джозеф Бирд деген алқа сотының мүшесі өлерінен бірнеше сағат бұрын Уилл Первистің «кінәсіз» екенін айтып, артына хат қалдырып кетеді. Ал У.Первистің өзі 1938 жылдың 13 казанында қайтыс болады. Ол бақилық боларда «мені соттамақ болғандардың барлығынан ұзақ өмір сүрдім» депті. Алғашқыда арқан астында айтылған сөзді ол сөйтіп, өмірінің соңында тағы бір рет қайталаған көрінеді.

Бірақ өмірде бәрі адамның ойлағанындай бола бермейді ғой. «Маңдайға жазғанды көресің» деген бар. Италияда тұратын неміс ұлтының өкілі, отбасылы Курт және Иоханн Ганталер Рио-де-Жанейрода он күн демалып, 2009 жылдың 31 мамырында Парижге ұшпақ болады. Алайда ұшаққа кешігіп келгендіктен олар әуежайда қалып қояды. Екі-үш сағаттан кейін олар ұшқан ұшақ апатқа ұшырап, ондағы барлық 216 жолаушы қаза табады. Сөйтіп, екеуі аман қалады. Алайда тағдырдан қашып құтыла алмайсың. Ерлі- зайыпты екеу тағы қыдырып қайтпақ болып, жалға көлік алып, бір аптадан кейін Мюнхенге қарай жолға шығады. Австрияның Куфштайн қаласының маңында апатқа ұшырап, екеуі де бақилық болады.

dayonline.ru/Франк Селак

Ал өмірде періштесі жебеген қарапайым пенделер де көп. Айтар болсақ, Хорватия еліндегі музыка пәнінің мұғалімі Франк Селак қиямет-қайымда өмір сүрген. 1962 жылы ол мінген пойыз рельстен шығып кетіп, 17 адам бақилық болды, Селак қолын сындырып алды. Бір жыл өткен соң, аспанда тосын оқиға орын алып, ұшақ жерге құлайды. Екі-үш сағаттан кейін ізкесушілер ес-түссіз жатқан Селакты 50 метр жердегі жиналған шөптің үстінен табады. 1966 жылы Селак мінген автобус тағы апатқа ұшырайды. Төрт адам қайтыс болып, ол жеңіл жарақат алады. 1970 жылы жолда келе жатқанда, оның көлігі отқа оранады. Көліктен қашып шыққан Селак тағы аман қалды. 1973 жылы ол отырған вагон жанып кетіп, Селактың шашының жартысы күйіп қалады. Тағы да тірі. 1995 жылы оны автобус қағып кетеді. Аман. 1996 жылы жеңіл көлікпен келе жатқан оны ауыр жүк көлігі соғады. Рульді тез бұрып әкетіп, ол тағы тірі қалады. Айтса, адам сенбейтін оқиға. Бірақ өмір бойы қатермен арпалысып келе жатқан Франк Селак өзін алда үлкен байлық күтіп тұрғанын білген жоқ. 2003 жылы ол өмірінде бірінші рет дүңгіршектен лоторея билетін сатып алады да, 1 миллион доллар ұтысқа ие болады. Жоғарыдағы тылсым күш оны соңғы сәтке дейін қатерден аман сақтап келіп, осылай аяқ астынан бай еткісі келген болар.

Фране Селак, самый счастливый мужчина в мире, самый невезучий мужчина в мире, 7 раз обманул смерть
7 рет өлімнен аман қалған әлемдегі ең бақытты жанның 2003 жылы ұтысқа ие болған сәті

Расында да, бір Жаратушы күштің жебеп тұратыны шындық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Раббысын еске алатын адам мен оны еске алмайтын адамның айырмасы тірі мен өлінің айырмасында» депті. Алла тағаламыз тағы да былай дейді: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және маған шүкірлік етіңдер де, күпірлік, етпеңдер» дейді.

Демек, қай жерде жүрсек те, Жаратушы иемізге жалбарынып, жиі еске алып, шүкірлік етуден басқа артық амал жоқ.

Берік Бейсенұлы,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

“Қалам мен ғалам” кітабынан

“Жерұйық” порталы

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation