Сейсенбі, Қаңтар 30, 2018
Негізгі > Бас баған > Медведев: «Протон-М» зымыраны қайта ұшырылады

Медведев: «Протон-М» зымыраны қайта ұшырылады

«Протон-М» зымыран-тасығышының 2017 жылғы алғашқы ұшырылымы мамыр айының басына жоспарланып отыр. Бұл туралы журналистерге ғарышқа ұшыру құралдары және жерүсті инфрақұрылым жөніндегі бас құрастырушы Александр Медведев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

 Еске сала кетейік, Байқоңырдан «Протон-М» зымыран-тасығышы соңғы рет 2016 жылдың маусым айында ұшырылған еді. Кейін, «Протон-М» зымыран-тасығыштарын ғарышқа аттандыру қозғалтқыштарда анықталған ақауға байланысты тоқтатылды. 2017 жылғы мамыр айының соңына жоспарланған «Протон-М»-нің ұшырылымы кезінде орбитаға EchoStar 21 ғарыш аппараты жіберілетін болады. Ол орбитаға жоспар бойынша 2016 жылдың бірінші тоқсанында жеткізілуі тиіс еді. Қазақстан бекіткен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштарды ұшыру кестесіне сәйкес, жыл соңына дейін федералды ғарыш бағдарламасы бойынша және коммерциялық тапсырыс берушілердің мүддесіне орай «Протондардың» жеті ұшырылымын жүзеге асыру жоспарланған.
0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation