Бүгін еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, өтпелі жауын-шашын болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.