Қазақстан бойынша 136 мың түлек мектеп бітірді. Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Биыл Қазақстан бойынша 136 мың түлек мектеп бітірді. Соның ішінде 6 300-ге жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер болып отыр. Түлектер саны ең көп аймақтардан Оңтүстік Қазақстан облысы көш басында. Одан кейін Алматы облысы мен Алматы қаласы тұр. Алдын ала берген мәліметке сүйенсек, жалпы 95 350-ге жуық түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге тілек білдірген.