Негізгі > ○ Блогер жазбалары (Page 17)

Ш.Құдайбердіұлы: Балына қосып уын беріп, өсірген анам – қара жер

Анадан алғаш туғанымда, Жыладым неге дауыстап? Кіндікті кесіп қиғанында, Анамнан кеттім алыстап.   Ақ бұйымға орап алғанында, Құндаққа қойды таңып сап. Жып-жылы суға салғанында, Денемді әбден арулап.   Емуді қайдан үйрендім тап, Емшектен сүтті сорғанда. «Кіш-кішке» неге күлдім ұнап, Үш айлық бала болғанда.   Бір түнде жылап дамыл бермей, Ояттым неге анамды. Емізген оны қиын көрмей, Алды ғой демей мазамды.   Ақ сүтке әбден тойғанымда, Аштықты ұмыттым анықтап. Жылауды мүлде қойғанымда, Ұйқыда күлдім

Толық оқу...

АСПАН АСТЫ ЕЛІН МОЙЫНДАТҚАН ДИМАШҚА ЖАС АҚЫНДАР ЖЫР АРНАУДА

Димаш Құдайбергенге Болғасын көпке өнеге өзі жастан, Артынан талай мақтау сөз ұласқан. Алаштың арынымен "әу" дегенде, Көзі қысық халықтың көзін ашқан. Нұр төгіліп жүзінен, жанарынан, Күй төгіліп қос ішек шанағынан, Аспан асты елінде шарықтап жүр, Қазақы ен салынған бала қыран. Болмаса да тоқтаған жасы күйлі, Дөңгелетті алдына кәсіп игі, Бір-ақ әуен айтып ед(і), о ғаламат, Миллиард деген қытай да басын иді. Сен Аллаға

Толық оқу...

Есенқұл Жақыпбек: Періште бізді неге сүйемесін…

ОҚЫРМАНҒА   Жырымды қабыл алыңдар, Өзімнен менің аумаған. Жауқазын мұнда жаным бар, Жазғы бір таңда жаураған. Мектепті бітіп ізгі шақ, Балалық, жастық жалғасып. Оқуға кеткен қыз құсап, Жырларым менің жолға шық. Қарсы алып әсем таңдарды, Жолға бір шықсын өлеңім, Жыр сүйер аңсап жандарды, Ботадай боздап келемін. Көрініп тұрар шын бейнем, Оқырман, осы өлеңім Гүл терген қыздай күнгейден, Аларсың теріп керегін     АНАМНЫҢ ДАУСЫ   Қуат жоқ сексендегі анашымда, Қалтырап қайран анам тоңасың

Толық оқу...

Өсірген інің Көксерекке ұқсап, Өзіңе шапқан заман бұл…

Ғазалым менің, жазарым, жерім, Жетімсіреген Қасымдай. Қайда екен таза қазағым менің, Ғазиза қыздың жасындай... Күшікбай желі- азалы үн дедім, Қапалы, қатты қапалы. Еске алып балғын, таза күндерін, Әлі де жылап жатады. Бұйыратындай Алламның кәрі, Көбейді тоқал, сақалдар. Жанымда жүрген жандардың бәрі, Адамдар емес, Ақандар. Қасиет қалған жоқ демек құрсақ, Өнеге айтпас ағам кіл. Өсірген інің Көксерекке ұқсап, Өзіңе шапқан заман бұл. Айтарым менің боздап барады, Шерімнің шоғын

Толық оқу...

Профессор Denise Egea: Мен Абай мұражайын іздеп келдім…

Кезекті бейнесюжет жасау үшін (журналистік жұмыс барысымен) Абай мұражайына барған едім, барлық бөлімді аралап біткеніміз сол еді, аққұба жүзді шетелдік ханым мен ағылшынша ағып тұрған жас қазақ қызын кезіктірдім. Сөйтіп, қызығушылығым оянып, мұражайды тағы бір айналып шығуға бел будым. Білімге құштар бейтаныс жандар менің қойған сұрақтақтарыма жауап берді. - Абай мұражайына

Толық оқу...

Головкин мен Ислам Астанада бір күнде өтетін бокс кешінде кездесу өткізуі мүмкін

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында биыл жазда Астанада EXPO-2017 көрмесінің аясында өтетін бокс кешіне дайындықтың қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді. "Қазір біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Геннадий Головкинмен EXPO өкілдері, ал Қанат Исламмен мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келісіп жатыр. Біз үздік боксшыларымызды жинауға тырысамыз", -

Толық оқу...

Қазақстан аумағынан 2 мың 500 шетелдік шығарылды

Қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматыда қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау аясында көші-қонға бақылау күшейтілді. Өткен жылы Ішкі істер департаментінің қызметтерімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесе отырып Алматы қаласының ІІД-нің көші-қон полициясының бөлімшелерімен шетел азаматтарының елімізге келуін бақылау бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру жүзеге асырылды деп хабарлайды Алматы қаласының

Толық оқу...

Димаш алтыншы кезеңде бірінші орын алды

Қытайдағы танымал тележоба «Мен әншімін» байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергенов байқаудың алтыншы кезеңінде бірінші орынға ие болды деп хабарлайды «Жерұйық» порталы. Естеріңізге салсақ, Димаш "I Am a Singer" байқауның 1, 2 кезеңінде бірінші орынға ие болса, 3, 4 кезеңде үшінші орынды қанжығалап, 5 кезеңде 5 орынға табан тіреген болатын. Димаш қатысып жатқан

Толық оқу...

Еламан Қабділәшім: Жанарына сыр бүккен, Күз қылықтым…

Көкірегінде Азаттық бұлқынған, Көңілі - гүл көктем, Жыр оқыса жарқырап, саулайтындай нұр көктен. Ада тұрып дүрмектен, Бос кеудені сырлы еткен, Есенин мен Мағжанның, Қаламымен Әлемді өз ойынша түрленткен, Ақын ба едің сен асыл?!   Біржан Ахмер                         ЖОЛ                    Төлеужан Ысмайловқа   Заңдылық болғаннан соң жер бетілік, Сапарға шықтым көңіл шерге тұнып. Кереку мен Семейдің тас жолында, Келемін ой-бесікте тербетіліп:   Тулады қаным шерді жойып ағып, Тарағандай

Толық оқу...

Зайсаным жұмақ мекенім

Құдіретіңнен айналайын туған жер. Анамнан шырылдап өмірге келгенде кіндігімнің қаны тамып, топырағыңның иісі мұрынымды жарып, тағдырыма жазылған едің, киелі өлкем. Сенің төсіңде тай құлындай тебісіп өсіп, күн нұрын мейілінше емген ыстық топырағыңды менің кішкентай ғана табандарым қам-қаперсіз ойқастағаны үшін мен әлемдегі ең бақытты жан шығармын, сірә. Олай деуіме бармақтай болсын

Толық оқу...