Негізгі > Түрме

Түрме хикаяттары: Қашайын деп тұрған киік еді…

Бұрын жарық көрген бір-екі жазбаларымда түрмеден қашқан сотталғандар туралы  деректер келтіріп едім. Жердің астымен қашқан бес қашқын  естеріңізде болар. Енді әңгіме жердің үстімен қашқандар жайында болмақ. Тергеу изоляторына басшылық еткен жылдары тағдыр менің маңдайыма үш қашқынның ізін кесуді жазған екен. Әрбір құбылыстың себебі, бастауы, барар жері, жетер шегі болады. Түрме

Толық оқу...

БҰҒАУ САЛЫНҒАН БҰЙРЫҚ (Түрме хикаяттары-4)

«Ертіс өңірі» газетінде және басқа жергілікті басылым беттерінде «Приречное» агрофирмасының басшысы Мұхит Тұмабаев туралы мақалалар, өлең-арнаулар шығып тұрады. Сол материалдардың арқауы – Мұхиттың еңбекқорлығы, табандылығы және бүгінгі заман талабына сай білікті басшы екені болып келеді. Мұхиттың бойында жағымды қасиеттер көп. Соның бірегейі, оның ақжарқын ашықтығы және шын көңілмен көмектесетіні. Тергеу

Толық оқу...

ҚАШҚЫНДАР (түрме хикаяаттары-3)

Папахам мен шинелімді шегеге іліп отставкаға шықсам да, сол төтенше жағдайдың орын алғанына ширек ғасырдай уақыт өтсе де, осы күндері есіме түсіп кетсе менен маза кетеді. Жанымды жегідей жеп, өзегімді өртейді. Ең шешуші шайқаста, жауға тойтарыс бере алмай, кейін шегініп, қарымта шабуылға шыға алмай, қоршауға түскен қолбасшының күйзелген күйін кештім–ау

Толық оқу...

ГЕНЕРАЛДЫҢ ҚЫСҚА БАТАСЫ (түрме хикаяаттары-2)

  1989 жылдың қаңтар айының соңғы күндері. Таңертең ерте қызметке келе жатырмын. Ол кезде Облыстық Ішкі істер басқармасы қазіргі(бұрын Орджонокидзе көшесі деп аталатын) Беспаев көшесіндегі ескі үлгімен салынған екі қабатты ғимаратта ораналасқан болатын. Бұл тарихи ғимарат. Кезінде бұл ғимаратта халық депутаттарының облыстық атқару комитеті де орналасқан екен. Қараңғыда байқамаппын, алдыма қарасам

Толық оқу...

ТОСЫН ТАПСЫРМА (түрме хикаяттары-1)

1977 жыл. Сәуір айының соңғы күндері. Мен Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетінің 1-курсын тәмәмдауға бағытталған жазғы сессияға дайындалып жүрмін. СССР тарихы кафедрасында отыр едім, мені факультет деканы, доцент Городецкая Валентина Степановна кісі жібертіп шақыртты. Деканатқа кірсем, Валентина Степановна телефонмен біреуге менің аты жөнімді айтып жатыр екен. Трубканы

Толық оқу...