«Бір белдеу, бір жол» стратегиясындағы маңызды орыны мен негізгі сауда-экономикалық әріптесі ретінде қазақ елін Қытай тарапы арнайы шақырып отыр. Наньнин қаласында өтетін шараға Үкімет делегациясы мен іскер топ өкілдері келеді. Қытай-АСЕАН экспосының аясында бірінші рет аймақаралық форум жоспарланған. Сондай-ақ, мемлекеттік имиджі мен бірегей тауарларын таныстыратын іс-шаралар өтеді. Қазақстан ауылшаруашлығы, инвестиция, туризм және мәдени тақырыптармен шектеліп қалмайды. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасындағы мүмкіндіктерін көрсетіп, бизнес әлеуетін паш етеді. Осымен он төртінші мәрте өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығның көрмесі 12-15 қыркүйек аралығында Наньнин қаласында болады. Ян Яньянь, «Қытай-АСЕАН» көрмесі хатшысының орынбасары: – «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы жарияланғаннан кейін Қазақстан тек Қытаймен емес, оңтүстік шығыс Азия елдерімен де экономикалық қарым-қатынасты нағайтып келеді. Сондықтан осы көрмеге арнайы шақырып отырмыз. АСЕАН қауымдастығы мен қытайлық кәсіпкерлер Қазақстанның көрмеге қатысуын жоғары бағалап отыр. Біз де сіздердің павильондарыңызда басты назарда ұстап, қазақстандық делегацияға VIP қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз.