Теміртауда пәтерде болған өрттен 4 адам ес-түссіз күйде шығарылса, солардың ішіндегі 6 жасар қыз ауруханаға жетпей жан тапсырған деп хабарлайды КТК арнасы.
Ал оның 11 жастағы ағасы әлі есін жиған жоқ. Әке-шешелері де жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер үшеуі де арнайы аппараттың көмегімен ауыр жағдайда жатқанын айтады.
Өткен түнде пәтердегі диван бықсып, қою түтін подьезді де алып кеткен. Көрші-қолаң далаға қашып үлгеріп, өрт сөндірушілерді шақырыпты.