Сенбі, Тамыз 26, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Қанатқа жекпе-жекте жеңіс тілейміз!

Қанатқа жекпе-жекте жеңіс тілейміз!

Санаулы сағаттардан кейін (18,00-де) асыға күткен Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жекпе-жегі ұлттық арнадан көрсетіледі. Көкжалдың көк байрағымызды желбіретеріне кәміл сенеміз. Батырға барша Қазақстандықтар тілек-лебіздерін білдіріп жатыр.

Атап айтар болсақ, Дәулеткерей Кәпұлы төмендегідей өлең жолдарын арнап, батыр бауырына бата берді.

14732311_1242648849140422_7625624210749237438_n

Жортқанда жолың болсын, батыр Қанат,
Қылығыңды көрмедік жатырға жат.
Батыр Оспан бабаңның атағыңдай,
Сүйіншілеп айтса екен атыңды алап!

Бүлкілін бөлек басқан бөрі арланы,
Бұл күнде бола білдің ел ардағы.
Бармағы шайнауда өткен боздақтардың

Атажұртта жалғанған сен – арманы!

Жолымен боздақтардың өрістеп көр,
Олжаңды қан майданда бөліс, бөктер.
Бабалардың нақ кегін есіңе алсаң,
Қаралардың тұмсығын тегістеп бер!

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

− 1 = 3

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару