Сенбі, Тамыз 26, 2017
Негізгі > Желідегі жүйрік ой > Немқұрайлылықты ғасыр дертіне айналдырмайықшы, адамдар!

Немқұрайлылықты ғасыр дертіне айналдырмайықшы, адамдар!

Шартты сурет

Автобус зымырап келеді. Жүргізушінің қасында тұрған түбіт иек кісі масаң көзбен көлік ішіндегілерге барлай қарап тұр. Аялдамасына жақын қалса керек, есікке жуықтап, әлгі 40-ты алқымдаған алпамсадай азаматпен иықтіресіп жас қыз тұрды. Жиырмаға толар толмас қызға тиісе бастады. Ыржалаңдай күледі. Әкесіндей адамның ырбыңдағаны жас қыздың қытығына тигені айдан анық. Қыздың “жөніңізге тұрыңыз, әкемдей адамсыз”деген даусы қатты шығып, теріс бұрылды. Әлгі шамданып қалса керек сыбырын қойып дауыстап: “Өзіңді сұлу сезініп тұрсың ба не? Түрің құрысын. Ақыңды берсем болды емес пе?”-деп білегін ұстап, мазасын алды. Сүймек болып ұмтылып, аузына келгенін оттап жатыр.
Мені таңдандырғаны әлгі еркектің алып денесі зәрелерін алды ма, әйтеуір автобустағы бір қора еркек ләм мим демеді. Шофер аялдамаға жетсе болдының қамымен отыр ма, ол да тас жұтып алғандай. Еркек әйелдердің “қой-қойын” қыстырмады да. Жыным мұндай қозбас. Сол сәт артқы жақтан жасы 15тер шамасындағы ап арық бозбала атып шықты. Әлгі дәу салғыласып, қырып боқтағанын қоя сап, нәзік балаға қарап қарқылдай күлді де: “Бала, к.ңе қара! Нең бар”-дегені сол: “Жібер қызды! Аямаймын! Қаракөз қыздарды қорғайтын мен сияқты інісі, мына жігіттер сияқты ағалары бар”-деді отырған бір топ еркекті нұсқап. Жұдырығын ала жүгірмек оймен тістенген қалпы әлгі дәу қақиып тұрып қалды. Себебі бұл кезде еркектер енді оянғандай жан жақтан дауыс шығарып, бар екендерін білдіріп, шулап жаткан… Көп жиналса аямайтынын түсінген әлгі тынши қалды.
Әлгі балақайға риза пейілмен міне пост жазып отырмын. Әлеуметтік желіде ғана емес, өмірде де Еркек екендеріңді білдіріп жүріңдерші. Немқұрайлылықты ғасыр дертіне айналдырмайықшы, адамдар!

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

44 + = 54

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару