Жексенбі, Қыркүйек 10, 2017
Негізгі > Міне, қызық! > Америкалық блогер селфиқұмарларға қарсы соғыс ашты (видео)

Америкалық блогер селфиқұмарларға қарсы соғыс ашты (видео)

Америкалық блогер Бадди Болтон өзінің желідегі каналында қызықты видео жариялады.
Ол  селфи жасап тұрған туристердің жандарына жүгіріп барып, олардың селфи-таяқшаларын  өткір темір пышақпен қиып түседі. Сосын алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
1,5 млн  адам тамашалап үлгерген роликте, Болтонның “құрбандығына” айналғандардың біразы оны тырқырата қуса, енді бірі ізінен жүгіруді қажет деп таппаған.
Болтон өз сұхбатында ешкімді ренжіткісі келмегеніне, тек селфиге деген қарсылығын осылай білдіргісі келгенін айтыпты. Блогерді селфи кесірінен орын алатын әлеуметтік қиындықтар алаңдатады екен. Ол селфи-таяқша ұстап тұрған адамдар сырттай тым ақымақ көрінеді дейді.
0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару