Сейсенбі, Қыркүйек 12, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Түркияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетілді

Түркияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетілді

baq.kz

Түркияның мемлекеттік ТRТ Avaz телеарнасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Еуразияның жүрегі» және «Болашаққа бастар жол» атты деректі фильмдерін көрсетті. Бұл туралы “Хабар-24” арнасы хабарлады.

 Бұл бастама халықаралық Түркі кеңесінің медиа ынтымақтастық жобасы аясында іске асырылып отыр деп хабарлады «Хабар-24» телеарнасы.

Атап өту керек, еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктерін жан-жақты қамтыған бұл құнды туындыны тек Анадолы жұртшылығы ғана емес, телеарна хабар таратын Орта Азия, Қап, және Балтық елдерінің халқы да тамашалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ ұлық мерекеде қоғамдық саяси-сараптамалық Detay-13 бағдарламасы кезекті шығарылымын толық Қазақстанға арнады.

Студияға шақырылған қонақтар қазақ елінің халықаралық маңызы зор бастамаларына кеңінен тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан – түбі түркі халықтарының интеграциясына сүбелі үлес қосқан түркі әлемінің ең мәртебелі елі.

“Бұл бағдарламада бірінші кезекте Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде қол жеткен жетістіктері жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Елбасының дем беруімен құрылған Түркі кеңесі қазіргі таңдағы экономика, саясат, мәдениет және білім саласындағы жобалары талқыланды. Алдағы кезеңде де осы іспеттес жобалар жалғасын табады. Және де осындай бағдарламалар тек Түркияда ғана емес, сонымен қатар бауырлас, дос мемлекеттеріміз Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінде бүгінгі күні көрсетіліп жатыр” – дейді Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы.

© Дерек көзі

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару