Жексенбі, Сәуір 15, 2018
Негізгі > Ал, ендеше! > Хакерлер Нұрбанктің шотынан 155 млн теңгені жымқырған

Хакерлер Нұрбанктің шотынан 155 млн теңгені жымқырған

Алматыда интернет-банкинг арқылы ақша жымқырғандар сот алдында жауап берді. Сот материалына қарасақ, 2015 жылдың сәуір айында сотталушылар А.Митин және Р.Хусаинов Team Viewer бағдарламасы арқылы «Нұрбанк» АҚ-ның банктік шотының құпиясөзін заңсыз бұзғаны анықталған.

Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар шындыққа сай келмейтін төлемдер арқылы 155 млн теңгені алдын ала құрылған «Казахстанско-производственно- коммерческая компания» ЖШС-ның «Евразийский банк» АҚ-ындағы банктік шотына аударған. Сот үкімімен А.Митин және Р.Хусаинов Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 4 бөлігінің 3 тармағында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, осы бап бойынша А.Митинге мүлкін тәркілеу арқылы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, Р.Хусаиновке мүлкін тәркілеу арқылы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтеу белгіленді. Басты сот талқылауында сотталушылар А.Митин және Р.Хусаинов тағылған айып бойынша кінәларын мойындаған жоқ.

© Дереккөзі

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation