Америкада 1930 жылдардағы “Сухой закон” елде жаппай қылмыстық топтардың әрекет жасауына, қала тәртібін бүлдіруге, атыс-шабысқа алып келген. Аль Капоне секілді бандиттердің байып, ірі күшке айналуына себеп болды. Кейін “Сухой закон” күшін жойғаннан кейін де бандиттер наркотикпен, басқа да қылмыстық істермен айналысты. Оның бәріне себеп болған “Сухой закон” болатын. Ал осы заң араб-мұсылман елдерінде болса қоғамға ешқандай да әсерін тигізбес еді. Сол секілді біздер “әлемдік тәжірибеде бар” деген атпен заң қабылдауға құмармыз. “Ол заң қандай елдікі, олардың заң атқару тәртібі қаншалық? Халықтың тұрмыстық жағдайы, көші-қоны, баспаналы болу пайызы, айлық, жылдық кірісі қандай?” деген сұрақтарға бірінші жауап берейік, сосын оны өзіміздің елмен салыстырайық. Ұқсай ма екен? Олар да біз секілді пәтер ақысын әрең тауып жүр ме екен? Және осы заң оларды бақытқа жеткізіп пе? Осы сұрақтарға жауап беріп, содан кейін бір ойланайықшы.
Ал болмаса, мынау тіркеу туралы заң біздің елде де жемқор полиция мен зорекер үй иелерін көтермелейді. Халық тұрар жай таппай ары-бері сандалады. Пәтер ақысы қымбаттайды. Сосын осындай жағымды орайды пайдаланып, құрылыспен айналысатын бандиттер өмірге келуі әбден мүмкін!